Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі тарих және география айлығы болып өтті. » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі тарих және география айлығы болып өтті.
04
январь
2020

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі тарих және география айлығы болып өтті.

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінің 2019-20120 оқу жылындағы мектептің бақылау мен басқару  туралы жоспарына сәйкес мектеп директорының   2019 жылының желтоқсан  айының 4 жұлдызындағы №34 бұйрығына сәйкес  тарих және география пәндері айлығы өтті.

Тарих және география пәндері апталығының тақырыбы : “Тарих. Тағылым. Тәуелсіздік”

Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің Халықаралық беделінің жоғары деңгейде көтерілгенін, осы деңгейге жетудегі тәуелсіздік жылдарындағы тарихи оқиғаларды оқушыларға насихаттау. Тәуелсіздіктің 28 жылдығымен
 - Оқушыларды Отанын сүюге, ұлтжандылыққа, елжандылыққа тәрбиелеу.
 - Тәуелсіз Қазақстан тарихын жетік білуге құштарлығын ояту.
 - Бүгінгі заманға сай, іздемпаздыққа, шығармашылыққа баулу.
 
 

 Осы айлық барысында тарих және география пәндерінің мұғалімдері сабақтар өткізді  . Айлықтың алғашқы күні  үн қағаздар ілініп ,мәжіліс залында  мұғалімдер мен оқушылардың қатысуымен ашылу салтанатты болды. Салтанатты жиын тарих және география бірлестігі мұғалімдері  мен оқушылары дайындаған концерттік бағдарламмаға ұласты   . Ұстаздар қауымының басты міндеті – шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, болашақ ұрпаққа ұлағатты тәрбие беру. Осы мақсатта тарих және география   пәндерінің   мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс –шаралар өткізілді .


Тарих және география бірлестігінде :11 мұғалім жұмыс атқарады. 2- мұғалім жоғарғы санаттты,4 -мұғалім  1- санатты 4 -мұғалім 2- санатты санаты жоқ 1 мұғалім . Тарих және география бірлестігінде жоспар бойынша 11 сабақ көрсетілді. 


Тарих пәні мұғалімі :Нусупова Роза Аманжановна еңбек өтілі 31 жыл .Желтоқсан   айының  23 жұлдызында «Повторно обощающий урок» атты тақырыпта 9  «в» сынып оқушыларымен ашық сабақ өткізді. Сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді. Сабақ барысында сын тұрғысынан ойлау және  оқуды бағалау және оқытуды бағалау болды.

Тарих пәні мұғалімі : Мыңжасарова Гулсин Алимханкызы  желтоқсан   айының 19 жұлдызында 8 «А» сынып оқушыларымен  «Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс» атты тақырыпта ашық сабақ өткізілді .Сабақ өз мақсатына жетті. Оқушылар тарапынан белсенділік жоғары болды.   Сабақ барысында мұғалім оқушыларды жетелеп сабақтың мақсатына жетті.





География пәні мұғалімі : Омарова Индира Болатбековна  9 «Ә» сыныбында «Қ.Сәтбаев –  жан -жақты ғалым» тақырыбындағы  өткізілген  сабақтарында , оқушылар сабаққа қызығушылықпен белсенді қатысты. Тапсырмалар жас ерекшеліктеріне сай алынған .Сабақ  жоғары дәрежеде өтті 


География пәні мұғалімі :Комплешева Татьяна Васильевна 11 сынып оқушыларымен желтоқсан  айының  24 жұлдызында   «Страны Северной  Европы » атты ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында жаңартылған білім мазмұны бойынша тапсырмалар берілді. Сабақ балалардың жас ерекшеліктеріне сай жасалған .Аталған ашық сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді.География пәні мұғалімі : Кахриманов Анварбек Чахович  8 «Б» сынып оқушыларымен  «Строение речной долины»  тақырыбында ашық сабақ өткізілді . Сабақ барысында оқушылар белсенділік танытты. Сабақта «жеті модуль» қолданылды.



Тарих пәні мұғалімі : Сартолова Дамира Медетханқызы 5 «Ә» сынып оқушыларымен 14 желтоқсанда    «Асыра  сілтеушілік зардаптары :Ұлы Нәубет» атты ашық сабақ болды.Сабақ жоғарғы деңгейде өткізілді.

Тарих пәні мұғалімі : Мамбетова Роза Алпысовна  Елбасының «Ұлы даланың  жеті  қыры» мақаласы Рухани жаңғыру мақаласының жалғасы іспеттес. ... Үлкен мақсатты көздеген Елбасының «Ұлы   даланың жеті  қыры» мақаласы ұлттық сананы селт еткізер, серпіліс берер мағынаға толы. «Мен» деген елінің патриотын рухтандыратын жалын береді. Осы мақала аясында « Ұлы даланың жеті қыры» атты сыныптан тыс іс- шара 10-11 сынып оқушыларымен   өткізді .  Осы іс –шара барысында тарих пәні мұғалімі : Мыңжасарова Гулсин Алмаханқызы баяндама оқыды.

География пәні мұғалімі : Жас маман Тасыбаева З   6 « А» сынып оқушыларымен желтоқсан айының   12 жұлдызында «Қазақстанның жер қойнау байлықтары» атты ашық сабақ өткізді.

Тарих пәні мұғалімі Мамбетова Р.А  5 «в» сынып оқушыларымен « Кем был золотой человек» тақырыбында ашық сабақ көрсетті.




 Комплешева Т.В  10-11 сынып оқушыларымен «Географический бал» атты сыныптан тыс сабақ өткізді .Сабақ өте жоғары деңгейде өткізілді балаларға материктер жайлы өте көп мағлұмттар берілді. Тарих пәні мұғалімі Нусупова Р.А 9 «Б» сынып оқушыларымен «Единый  Казахстан»атты сыныптан тыс сабақ өткізілді .Сабақтың тәрбиелік мәні өте зор оқушылардың бойындағы патриоттық сананы қалыптасдырудағы орны ерекше . 

Айлық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы өтті.  Апталық соңында суреттер көрмесінің,  сыныптан тыс іс –шараларға   қатысқан оқушылар   айлық қорытындысы жасалып қатысушылар марапатталды.

Тарих пәні мұғалімі : Камалова Ұ.Х   6 «Ә» сынып оқушыларымен  «Түркілердің материалдық  мәдениеті» атты ашық сабақ өткізілді.