аудандық "Табиғат сырлары" ертегілер байқаукы 2021-2022 оқу жылы
Аудандық «Табиғат сырлары» тақырыбындағы ертегілер байқауына 2-4 сынып оқушылары қатысып жүлделі ІІ-ІІІ орынды иеленді
2 «ә» сынып оқушысы Әділханқожа Айзере Дінмұхамедқызы
Табиғат сырлары
Ерте заманда Табиғат ананың Өлі табиғат және Тірі табиғат деген балалары болыпты. Бір күні Тірі табиғат пен Өлі табиғат бір-бірімен келіспей қалыпты. Өлі табиғат сөз бастады:
-Мен адамға зор пайда әкелемін. Тас,құм және топырақтан кірпіш жасап үй соғады. Мыстан электр және медициналық заттар жасайды,-деп мақтанады.
Бұған жауапсыз тұра алмаған тірі табиғат:
-Менің жеміс ағаштарым адамға пайда келтіреді. Жемісім тағам және дәрумен болады. Ағашы жазда көлеңке болып, адамдар демалады. Жақын жерде қой бағып жүрген қойшы сөздерін тыңдап:
-Сендер айтыспаңдар, әрқайсысының адамға тигізер зор пайдаларың бар. Қойшының сөзіне құлақ салған өлі табиғат пен тірі табиғат бір-бірімен қол алысып дос болыпты.
2 «ә» сынып оқушысы Жамалбек Ақжүніс Нұрлыбекқызы
Табиғат сырлары
Ерте, ерте,ертеде бір ауылда Дәурен деген бала өмір сүріпті. Ол өте ақылды, мейірімді еді. Барлық адамдарға көмектеседі және табиғатты қорғайды. Құстарға ұя жасап, ағаштарды күтеді.
«Табиғаттың сырлары көп одан көп нәрсе үйренуге болады» дейді- ол достарына. Сонда сен табиғаттан не үйрендің ?-деп сұрайды достары.
Мен күннен жылылықты, судан тазалықты, гүлден әдемілікті, сүйіспеншілікті үйрендім.-деп жауап береді Дәурен. Балалар Дәуреннің сөзінен кейін ойланып қалады.
2 «ә» сынып оқушысы Кенебай Аружан Бахытқызы
Орман ағашы
Ертеде орман іщінде ағаштар жайқалып нұр шашып, өсіп тұрады. Сая орманға саяхатқа барыпты. Сая өтіп бара жатып жайқалып тұрған бір ағашқа көзі түседі. Оған жақындап таңданып тұрып, ағаштан бір бұтағын сұрайды. Ағаш бұтағын бере алмайтынын айтады. Сонда да Сая бір жапырағын жұлып алады да, оны үйіне апарып басқа топыраққа отырғызып оны өсірмекші болады. Жапырақты топыраққа отырғызып, суын құйып оның өскенін күтеді. Бірақ ол өспей құлап, солып қалады. Сая мұңайып, сол ағашқа қайта барып, сұрайды. Неге мен отырғызған жапырағым сен сияқты жайқалып өспеді –дейді.
-Сонда ағаш менің бұтағымды, жапырағымды да сындыруға болмайды. Өйткені олар менің өз бойымда өсу керек дейді. Олар менің өзіммен бірге күн нұрын алып, табиғат ауасын жұтып, жаңбыр суын ішіп қана жайқалып өседі дейді. Менің бұтағымды сындырып, жапырағымды жұлып маған зиян келтірме, керісінше менің айналамды тазалап, маған қамқорлық жаса дейді-ағаш Саяға. Сая бәрін тыңдап, одан кешірім сұрады. Сая бұдан табиғатқа зиян келтірмеу керек екенін түсінеді.