Жаратылыстану пәндері айлығының қорытындысы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
май
2023

Жаратылыстану пәндері айлығының қорытындысы

Жаратылыстану пәндері айлығының қорытындысы.

  10.04-10.05 аралығында мектептің оқу-тәрбие жоспарына сәйкес жаратылыстану пәндердің  айлығы өткізілді.

Пәндік айлық тақырыбы:   Жаратылыстану пәндерінің сабақтарында ақпараттық технологияны қолдану тиімділігі, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденістерін жетілдіру

Мақсаты: Мұғалімдердің ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ойлау қабілетін, шығармашылық ізденістерін жетілдіру 

Міндеттері:

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында   оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін  тиімді жолдарын ұсыну.

- Жаратылыстану пәндері сабақтарында   сабақтарында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіруге бағытталған әдістемелерді, технологияларды және жұмыс тәсілдерін   тиімді қолдану бойынша коучингтер, шеберлік сыныптарын, тренингтер, ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстар шеруін өткізу.

             - Жаратылыстану пәндері сабақтарында  оқушылардың шығармашылық қабілеттерін 

              арттыру мақсатында «Сабақты зерттеу» (LS) өткізу.

ӘБ отырысында айлықтың жоспары, ашық сабақтары мен сыныптан тыс сабақтардың жоспарлары талқыланды. 

Айлық барысында  мұғалімдер ұйымдастырған іс-шаралар заман талабына сай ақпараттық   технологияларды  пайдалану арқылы өтті, соның ішінде интеллектуалды сайыстар, тәжірибе жұмыстары, коучингтер, презентациялар байқауы, кештер. Іс-шаралар танымдық-дамыту қалыпта өткізілді, мұғалімдер оқушылардың оқу мүмкіндіктерін ескеретін, логика мен зеректілікке арналған тапсырмаларды пайдаланды, ал оқушылар әр түрлі пәндерден өз білім дәрежелерін, тапқырлықтарын көрсетіп, қосымша да білім алды. Барлық сабақтар жақсы деңгейде өткізілді, мұғалімдер интербелсеңді тақтаны пайдаланды.

10.05.2023ж.   мектептің 2 қабаттың рекрациясында жаратылыстану пәндері айлығының   «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбында ашылуына байланысты салтанатты жиын өтті. ӘБ жетекшісі Бахбергенова Г.М. айлық кезінде өткізілетін ашық сабақтар мен сабақтан тыс іс-шаралар ретімен таныстырып, байқауларға қатысып, белсенді болуға  оқушыларды шақырды. 4 сынып оқушысы Омарова Тасмин ән айтты, пән мұғалімдері оқушылармен бірге дайындаған қол өнерлері, пәндерге қатысты бұрыштар, викторина сұрақтарын көпшілікке ұсынып, таныстырып, сұрақтарға дұрыс жауап берген оқушыларға тәтті сыйлықтарын таратты. 

Сонымен қатар айлық кезінде география пәні мұғалімдері Омарова И.Б., Комплешева Т.В.  ұйымдастыруымен «География күнделікті өмірде» тақырыбында 5-11 сынып оқушылардың қатысуымен макеттер байқауы өткізілді. Жеңімпаздары Диломдармен марапатталды.

   Биология пәні мұғалімдері Бахбергенова Г.М , Шепеленко Н.А. ұйымдастыруымен  6-7 сынып оқушылар арасында «Флора мен Фауна ғажайыптары» тақырыбында өткізілген байқауға қатысып, жеңімпаз атанған оқушылар мараппатталды.

    Жаратылыстану пәні мұғалімдері Бахбергенова Г.М, Бауыржан Н.Б. ұйымдастыруымен 5-6 сынып оқушылар арасында «Табиғат - ортақ үйіміз» тақырыбында өткізілген суреттер байқауына қатысып, жүлделі орын алған оқушылар мараппатталды.

Биология пәні мұғалімдері Кошкинбаева Л.Т., Именова З.А. 8-9 сынып оқушылар арасында «Миллион кімге бұйырады?» интеллектуалды ойын өткізді.

Айлықтың салтаннатты жабылуы актзалында ӘБ мұғалімдердің және оқушылардың дайындаған «Физика мен химия пәндерінің қызықты тәжірибелер шеруі» тақырыбында тәжірибелер, әндер, билер көрермендердің назарларына ұсынылды. Кештің соңында қорытындылау кезеңінде мектеп директорының оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Ажибекова К.б. сөз сөйлеп, белсенділік танытқан оқушыларды мараппаттады.

Жалпы айлық кезінде өткізілген іс-шараларға барлық ӘБ мұғалімдері белсене қатысты.