Математика,информатика және физика пәні бірлестігінің І жарты жылдық есебі. 2019 – 2020 оқу жылы.
Математика ,физика ,информатика пән бірлестігінің
2019-2020 оқу жылындағы жылдық атқарған жұмыстардың есебі.
Әдістемелік бірлестік тақырыбы:
"Математика,физика,информатика пәндері бойынша әр түрлі
технологияларды қолдана отырып, эстетикалық бағытта жеке тұлғаның
білім сапасын арттыру және шығармашылыққа баулу".
Мақсаты:
Математика, физика, информатика, пәндерінен мемлекеттік білім
стандартының орындалуын қадағалау,оқушыларға білім беруде жаңашыл,
озық технологияларды кеңінен қолдану.
Міндеттері:
- Мектептің өзекті тақырыптарын басшылықа ала отырып, бірлестік оқушылардың шығармашылық қалыптастыруға жағдай жасау.
- Қорытынды аттестацияға, емтихан, пән олимпиадаларына жеке жұмыс жоспары бойынша қосымша сабақтардың дайындықты бақылау.
Осы алдымызға қойған мақсатқа жету жолында бірлестік мүшелері әртүрлі бағыттарда жұмыс жасауда. Оқушылардың білім сапасын арттыру жолында атқарылған жұмыстарды өткізу әдістемелік жұмыстың жоспарына сәйкес болды, оның мазмұны нормативтік құжаттарды білім беру стандартын дарынды және үлгерімі төмен балалармен жұмыс олимпиада қатысушылары-мен жұмыс сияқты сұрақтар енгізілді. Зертханалық, практикалық, бақылау жұмыстары жоспар бойынша өткізілді. Оқушылардың дәптерлері жүйелі түрде тексеріліп тұрды.
Өзекті тақырыпты іске асыруда 2019-2020 оқу жылында келесі міндеттерді іске асырдық:оқушылардың шығармашылық қабілеттерін үштау, дарынды оқушылар мен жұмысты жандандыру, мемлекеттік стандартқа сай оқушылардың білім сапасын көтеру, жана технологияларды тиімді қолданып әр сабақта оқушылардың пәнге деген бейімділігін арттыру.
Білімін ескере отырып жеке пәнге қызығушылығын дамыту жұмысын жүзеге асыруда: оқытушылар сабақтарында жанашыл технологияларды қолданады: СТО- элементтерін, даралап- саралап оқыту, деңгейлік тапсырмаларды. Аталған пәндерден білім стандартының орындалуын қадағалау басты назарда болды. Осы мақсатта математика, физика, пәндері бойынша тоқсандық, жартыжылдық бақылаулар салыстырылып, қорытынды жасалынды.
Осы жоғарыда айтылған мемлекеттік стандарт талаптарын тексеру жұмыстары жүргізілді Математика, физика және информатика пән бірлестігінде барлығы 15 мұғалім жұмыс атқарады , 5 мұғалім жоғары санатты, 2 мұғалім – бірінші санатты, 4 мұғалім - ІІ санатты, 4 мұғалімде санаты жоқ .
Жетістіктер
Оқушылар:
Байқау түрі | Қатысқан оқушылар | Нәтижесі | Сыныбы | Дайындаған мұғалімі |
Аудандық оқушылардың пән олимпиадасы | Толеген К. | Ш | 9 | Макашев А.С. |
Кван Д. | Ш | 10 | Сафарова Л.Н. | |
Абенова А. | Ш | 9 | Абдрахманова С. | |
ТИО | Кыдырбай Б. | І | 10 | Зубайдилда Н. |
Қазақстан ұстазы | Тұрдан Н. | І | Зубайдилда Н. | |
Просвещение kz. | Сафаров М. | І | 8 | Сафарова Л.Н. |
Мұғалімдер
Байқау түрі | Нәтижесі | Мұғалімнің аты-жөні |
ТИО | І дәрежелі | Зұбайділдә Н. |
НИО | І дәрежелі | Зұбайділдә Н. |
КИО | ІІІ дәрежелі | Сафарова Л.Н. |
Просвещение kz. | ІІ дәрежелі | Сафарова Л.Н. |


Математика, информатика, физика пәнінен дарынды оқушылармен жұмысты қорытындылай келе, осы бағыттағы жұмыстардың әлі де әлсіз жақтары –интеллектуалды сайыстар, олимпиадаларда нәтижелерге қол жеткізуге, жоғары сынып оқушыларын ғылыми жобалар қорғауға дайындауға барлық мүмкіндіктерді қолданып, жоғары және бірінші санатты мұғалімдердің белсенділіктерін арттыру қажет.Математика, информатика, физика пәнінің оқытылуы бойынша ұсыныстар:
Мұғалімдердің жұмыстарына талдау
Нәтижелі жұмыс жеткіліксіз .Көңіл бөлінетін жұмыстар мынадай:
- Бірінші жарты жылдықта төмен білім сапа көрсеткен сыныптармен пән бойынша косымша және терең оқутыды жоспарлаймыз.
- -математика :5 «Д» , 6 «Г», 6 «Д», 7 «Б», 8 «Б», 8 «В», 9 «В», 10 «Б», 10 «В»,
11 «В» сынып -50%.
- информатика – 10 «В» - 50%, 6 «Г», 6 «Д»- 54%.
- физика – 8 «Г», 9 «А», 9 «Б», 9 «В», 10 «Б» - 50 %.
2.Пәндердің әдістемелік бірлестігінің жұмыстары, оның жыл басында бекітілген жоспарының орындалуы қадағаланса
3. Дарынды және үлгерімі төмен оқушыларымен жұмыс жандандырлсын.