20
March
2020
Абайдың 175 жыл мерей тойына орай
Жамбыл облысы ,Шу ауданы ,Қонаев ауылында 14 ақпан күн Ұлы Абайдың 175 жыл мерей тойына орай «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы,Заман тынысы» тақырыбында аудан көлемінде әдеби сазды кеш өтті.
Мақсаты: Ана тіліміздің қадір қасиетін ұғындыра отырып,туған тіліміздің тұғырының мықты болуын аңсаған, қазақ әдебиетінің негізін қалаған шырайлы ойдың шебері Абай шығармашылығымен жан–жақты танытуБейнежазба «Құнанбайдың түсі»
19 -қара сөзі Зүбайділдә Нұрсұлтан
Жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған, – деп төрелігін өзі шешкен Абай бүгін жарқын бейнесімен де, жалынды жырымен де бізбен бірге 175 жыл бойы өмір сүріп келеді, мәңгі өмір сүре бермек!
Ол өткен заманның, кешегі түркі дүниесінің соққан тынысы болса да бізге түсінікті, жүрегімізге қонымды .Абайдың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Қайырлы күн,құрметті өнер сүйер қауым! Қазақ әдебиетінің шоқтығы биік ірі тұлғасы, данышпан, ақын, ойшыл, дана ғұламасы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы,Заман тынысы» атты әдеби-сазды кешімізге қош келдіңіздер!
Елбасымыздың: «Заманалар ауысып, дүние дидары өзгерсе де, халқымыздың Абайға көңілі айныMayды, қайта уақыт өткен сайын оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.
Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қазақ елін, қазағын биіктерге, асқар асуларға шақыра береді», – деген өнегелі сөзі ақын мұрасының мәңгілік өсиет ретінде бағаланатынын айқын аңғартады. Абай-мың қырлы, мың тәлімі бар ұлы ақын. (Таныстырылым)
Жүргізуші:
«Құлақтан кіріп, бойды алар
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың әні «Желсіз түнде жарық ай» Орындайтын Ербол Меруерт
Жүргізуші:
Сөздері шарлап қазақ пен әлем арасын,
Абай деп таныр қазақтың байтақ даласын.
Өлеңі бізге рухани азық секілді,
Абайдан биік тұлғаны қайдан табарсың?
Қазақ, орыс,ағылшын, түрік тілдеріндегі Абайдың өлеңдерін қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Өнердің түр – түрі бар, бұл ғаламда,
Ән салады әншілер, қыр - далада.
Бишілер мың бұралып билегенде
Тебіренер сілкініп, жер - ана да.
«Ерке наз» бишілер тобының орындауында қазақ биі.
Жүргізуші:
Кең дала нұрын шашып маңайына,
Қараймын мақтанышпен Абайыма,
Алдында Ұлжан ана басымды ием,
Теңесер ақылды ару, саналы ермен
Ұлжанды ұлы демей мен кім деймін
Қазаққа қайталанбас дана берген!
Қойылым. Абайдың ауылына деген сағынышы.
Жүргізуші:
Абай - жыршы, ұлы ақыны елімнің,
Жырға қосқан сұлулығын жерімнің.
Абай - сыншы, жақсыменен жаманның,
Қайғы - зарын жырлай білген даламның.
Мектебіміздің ұстаздарынан құралған вокалдық топтың орындауында Абайдың әні «Көзімнің қарасы»
Жүргізуші:
Қазақтың күйлері көп «Көңілашар»,
«Сарыжайлау» «Сарыарқаға» кеп ұласар.
Күй қылып күллі әлемді құшаққа алған,
Қазақтың болмаған ғой тегі нашар!
Жерлес композиторымыз Әбдімомын Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйі.Орындайтындар Тұрдан Нұрхат пен Тәжікен Жүсіп
Жүргізуші:
Абай қалдырған кhouseдаланы кернейді,
Ұшқан оттай құс қанатын сермейді
Тыңдар құлақ тығындалып қалмаса,
Басқа өлсе де, Абай сөзі өлмейді.
Ендеше,ақындыққа жаңа бет бұрып жүрген жастарымыздың Абайға арнауларына кезек берейік
Жүргізуші:
Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан. Бүлдіршіндерімізді қазақ биімен қарсы алыңыздар!
Жүргізуші
Қазақ осы дала дейтін, кhouseдейтін,
Қазақ осы «Өнер алды тіл» дейтін.
Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба,
Қоңырсың ба, жатырқауды білмейтін.
Түрі басқа болса да тілегі бір,
Тілі басқа болса да жүрегі бір, демекші Абай мерей тойына тілімізді құрметтейтін өзге ұлт өкілдерінің тартуын қабыл алыңыздар!
Жүргізуші:
Кеше өткен бұлдыр заман желегі,
Болашаққа Абай үнін тіледі.
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған,
Абай үні бізбен бірге келеді!
Ендеше, бүгінгі кешімізге алтын уақыттарын бөліп келіп отырған кешіміздің қадірменді қонақтарына сөз кезегін берсек.
Қонаев ауылының ақсақалдар төрағасы Досымбеков Байдаулет
Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Бименбетов Асқар Өскербайұлы
Шу ауданының құрметті азаматы, білім саласының үздігі, ардагер ұстаз Гүлжахан Кәрібайқызы
Аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Райхан Амантайқызы
Аудандық үкіметтік емес ұйымының төрағасы Ғалия Әбітайқызы
Жүргізуші:
Абай - өлең, Абай - жыр, Абай - дастан,
Ұлы Абайдай ұлың бар, қазақ мақтан.
Ұрпақтан - ұрпаққа жетіп жатыр
Абай жыры қаймағы бұзылмастан
«Мен қазақпын» әні.Орындайтын мектебіміздің музыка пәні мұғалімі, өнер үйірмесінің көркемдік жетекшісі Агалиев Батыр Хасанұлы
Жүргізуші:
Шын хәкім, сөзің асыл баға жетпес
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес
Қарадан хәкім болған сендей жанның
Әлемнің құлағынан әні кетпес, деп Мағжан жырлағандай, Ш.Айтматовтың «Абай әлемге ашылған терезе» дегені шындықтың айғағы.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерей тойына орай дайындалған «Абай лебі, Абай үні, Абай тынысы- Заман тынысы» атты әдеби-сазды кешіміз өз мәресіне жетті. Көріп тамашалағандарыңызға көп рақмет. Келесі кездескенше, хош сау болыңыздар



