Ашық сабақтар » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
09
November
2016

Ашық сабақтар

                                 Макашев Абдрахман Сағындыкұлы

Жамбыл облысы, Шу ауданы, 

Төле би атындағы орта мектебінің 

информатика пәні мұғалімі

"Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”.

9 сынып

 

Сабақтың  тақырыбы:  Жиымдар. Бірөлшемді жиым               

                                        (массив). 

Сабақтың  мақсаты:  Schoolchildren  жиымдар тақырыбы  бойынша  түсінік беру, алған  білімдерін  нығайту,  тиянақтау,  бір  жүйеге келтіре  отырып,  теориялық  білімін  практикада  ұштастыру.

А)  Білімділігі:  Оқушылардың массив жайлы жалпы білімін   қалыптастыру.

Ә)  Тәрбиелігі:  Оқушыларды  адалдыққа,  дүниетанымдыққа,  жауапкершілікке,  жүйелікке,  ауызбіршілікке  мықты  және  әдептілікке  тәрбиелеу.

Б)  Дамытушылығы:  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру,  ой-өрісін  дамыту,  өз  бетінше  жұмыс  істей  алу  қабілетін  көтеру,  тапқырлыққа,  ізденімпаздылыққа,  шығармашылыққа  баулу.

 

Сабақтың міндеті:  Schoolchildren  компьютер  алдында  еркін,  өз  бетінше  жұмыс  істеуді  қалыптастыру.

Сабақтың  түрі: дәстүрлі практикалық сабақ 

Сабақтың  көрнекілігі: компьютер, интерактивті тақта,есептер жинағы, топтамалық сұрақтар.

Пайдаланатын педагогикалық технология және 

әдіс-тәсілдер: Informationтық  технология, түсіндірмелі-

иллюстриативті  көрнекілік  әдіс.

 

Сабақтың барысы: Оқушыларды сабаққа бағыттап, houseтапсырмасын сұрау. 

Қайталау сұрақтары  «Кубикті лақтыру» ойыны түрінде беріледі:

Қандай алгоритмдер циклдық деп аталады?

Қайталау операторлары нешеу?

While опеаторының қызметі қандай?

Repeat операторының ерекшелігі...

Параметрлі қайталау операторы қалай жазылады?

т.с.с. презентацияда көрсетілген.

 

Жаңа сабақты түсіндіру: "Жиымдар. Бірөлшемді жиым (массив)”.

Алгоритм құру, программа жазу барысында оған қатысатын кең тараған негізгі обектілердің бірі кестелер. Оның мысалдары:

1.Ауа температурасының кестесі

2.Пифагор көбейту кестесі

Осы типтегі мәліметтер программалау тілдерінде жиыммен сипатталады

Жиым дегеніміз – бұл бір атауға біріктірілген бір типті шамалардың реттелген тізбегі.

Жиымға кіретін айнымалыларды массивтің элементтері дейді. Олардың саны сипаттау бөлімінде анықталады да, программаның орындалу барысында өзгермейді. Олардың реттік номері индекс деп аталады. Жиым элементтерінің типі файлдан басқа кез келген (бүтін, нақты, символдық, жолдық, жиымдық т.б) тип бола алады.

 

i

1

2

3

4

5

6

7

8

10

nc[i]

2

3.5

-7.11

0

91

-75

0

0.05

8.8

-9.81

 

Бірөлшемді жиым

Мысал ретінде көп суырмалары бар шкафты қарастырайық

 

Шкаф – бұл жиым

Суырма номерлері – индекс

Суырма ішіндегі заттар – жиым элементтері

 

Паскал тіліндегі жиымдар.

Жиымның негізгі параметрлері мыналар: типі (сандық, символдық, логикалық), өлшемі (бірөлшемді, екіөлшемді ...) және көлемі (жиымдағы элементтердің саны).

 

Бірөлшемді жиымды Паскалда былай жазады:

<atay> : array [1..n] of <элемент типі

Мұндағы: <atay> - жиым (кесте) атауы,  1 алғашқы элемент нөмірі, n- ақырғы элемент нөмірі, <элемент типі>-integer, real немесе string…болатын элемент типі,   array- (жиым) операторды белгілеуге арналған Паскалдың қызметші сөзі.

Жиым Паскаль тілінің сипаттау бөлімінде былай көрсетіледі:

Мысалы:

var

А: array [1..10] of integer;

С: array [0..6] of сhar;

B: array [5..-5] of real;

Мұндағы : А массив аты, 10 элементі барын[1..10] өлшемін , 

элементтерінің бүтін сандық шама екенін көреміз. Сол сияқты С массивінде 6 элемент бар, олар таңбалар, Ал В массивінде 11 элемент бар, олар нақты сандар

Жиым элементтерін енгізу

BEGIN
 for i:=1 to n do
    begin
     write(i,’
элементті енгіз ‘);
     readln(
А[i]);

   end;

Жиым элементтерін экранға шығару

For i:=1 to n do
      write (A[i],’’:2);

 

Сабақты бекіту:

Программаны толықтырыңыз

Мынандай сандар тізбегі берілген: 5, 12, 3, 9, 15

Program massiv;

 var

    : array [1..5] of <типі

  i:integer;

BEGIN

for i:=1 to 5 do

    ……

for i:=1 to 5 do

   …….

     end;

 

Қайталау сұрақтары:

1.Айнымалы типтер дегеніміз не? 

2.Сызықтық кесте дегеніміз?

3.Жиым элеметтеріне қандай амал қолданамыз?

4.т.б.с.с...

Бұл сұрақтар «Ғажайып алаңы» ойын түрінде беріледі.

 

 

Қорытынды. Бағалау. Үйге тапсырма.  

 

Сабақтың тақырыбы: Сұлтанмахмұт  Торайғыров 

                                         «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңдері.

Сынып:6 «ә»

 

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Schoolchildren Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  өмірі, шығармашылығы,   «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі жайлы толық мәлімет беру.

Дамытушылық:Ой – өрісін, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық ізденіске баулу, олардың ой – пікірін қалыптпастыру.

Тәрбиелік:Елін, жерін, Отанын қадірлеуге, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі:Ашық сабақ.

Сабақтың әдіс - тәсілі:Топпен жұмыс,түсіндіру, суреттеу, салыстыру, сұрақ – жауап, сөздікпен жұмыс, бағалау, бекіту, қорытындылау.

Сабақтың көрнекілігі:Көркем әдебиеттер, бейнелі суреттер, бейне таспа.

Сабақтың формалары:Жеке баламен, топпен, сыныппен жұмыс.

Сабақтың типтері:Ұйымдастыру кезеңі, үй тапсырмасы, жаңа сабақты түсіндіру, бекіту, бағалау, қорытындылау.

 

Сабақтың барысы:

Ι.Ұйымдастыру кезеңі:

 

1.Сәлемдесу.

2.Кезекші мәлімдемесі.

3.Журнал бойынша түгендеу.

4.Жаңа сабаққа дайындық.

 

ΙΙ. Үй тапсырмасын сұрау:

 

1.Сұлтанмахмұт Торайғыров кім?

2.Сұлтанмахмұттың өмірі, шығармашылығы жайлы сұраймын.

3.Қалаған өленің жатқа сұраймын.

4.Қосымша сұрақтар қою арқылы өткен тақырыпты қорытындылаймын.

5.Оқушылардың берген сұрақтарына қарай білімдерін бағалаймын.

 

ΙΙΙ.Жаңа сабақты түсіндіру:

 

     Бүгінгі жаңа сабақта оқушыларға Сұлтанмахмұт Торайғыровтың  «Шығамын тірі болсам адам болып» деген өлеңі жайлы толық түсінік беремін.

 

    Сұлтанмахмұт Торайғыровтың ақындық тұлғасы әрдайым ізденумен, талап 

қылып, алға ұмтылумен өтті. Ол халық көзін ашуды арман етті. Шығармаларында қазақ ауылындағы жағымсыз көріністерді әшкерелеп, халықты өнер – білімге, мәдениетке шақырды. Білімге деген құштарлығының арқасында Нұрғали деген 

 

 

 

мұғаліммен танысып, білім алады. Оқып жүріп, көптеген қиыншылықтарды басынан өткізді. Ақынның өлеңдерінің тақырыптары – өнер, білімге арналған.

 Мысалы: «Оқып жүрген жастарға », «Оқудағы мақсат не?», «Мен қазақ», т.б. өлеңдері бар,солардың бірі «Шығамын тірі болсам, адам болып» деген өлеңін бүгінгі сабақта толық өтеміз. Ел – жұртын, халқын сүйген ақын осы өленің жиырма жасында жазған екен. 

 

«Шығамын тірі болсам, адам болып» өлеңінің шығу тарихына тоқталсақ:

 

     Бұл өлеңді ақын өзінің ұстазы Нұрғалиға арнаған. Өзінің досы, туысы Шайбай Аймановқа хат арқылы жолдаған. Өлең 1913 жылы жазылып, 1922 жылы Қазан қаласында  «Адасқан өмір» кітабында жарияланған. С.Торайғыровың«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңіндегі лирикалық қаһарман – ақынның өзі, яғни ақынның тұлғасы танылып тұр. Лирикалық шығармаларда ақын тұлғасы өлең кейіпкермен тұтасып, кірігіп кетеді.  Ақын өз атынан сөйлей отырып, сол дәуірдегі ұрпақтың мұрат – мақсатын, арман – аңсарын жырға қосады. 

 

ΙΥ. Өлеңмен жұмыс. 

(Үнтаспадан өлеңді тыңдайды)

 

Шығамын тірі болсам адам болып

 

Шығамын тірі болсам, адам болып, 

Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып,

Жатқаным көрде тыныш емес пе?

Жүргенше өмір сүріп надан болып.

 

Мен – балан, жарық күнде сәуле қуған,

Алуға күнді барып белді буған.

Жұлдыз болып көрмеймін елдің бетін,

Болмасам толған айдай балқып туған.

 

Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,

Ойында оты барлар асылық демес,

Тебем деп, тірі болсам надандықты.

Серт етіп, өз – өзіме  еткем егес!

 

Υ.Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді оқушыға мәнерлеп оқыту.

 

 Өлең құрылысына сатылай кешенді талдау:

(Оқушылар талдауды дәптерге жазады)

 

1.Авторы кім? С.Торайғыров.

2.Тақырыбы - адамдық.

 

 

3.Жанр түрі – өлең.

4.Идеясы – Білім,ғылымға, өмірге деген құштарлық.

5.Қанша шумақ? 3.

6.Қанша тармақ? 4.

7.Бунақ саны? 3 бунақты.

8.Буын саны? 11.

9.Ұйқас – а/а/б/а/ - қара өлең ұйқасы.

10.Әдеби  - теориялық ұғымдар – эпитет, теңеу – көрде тыныш жату. 

 

Енді осы өлеңде түсініксіз сөздер бар яғни сөздікпен жұмыс жасаймыз.

 

YΙ. Сөздік жүмысы:

 

Ι.Жиһан – жаһан, әлем.

Ι.Серт – ант, уәделі сөз.

Ι.Егес – талас – тартыс.

 

YΙΙ. Сұрақ - жауап:

Ι.топ.

1.Осы өлеңнің мазмұны  өздеріне қалай әсер етті?

2.Кім болуды армандайсыңдар?

 

ΙΙ.топ.

1.Сұлтанмахмұттың көздеген мақсаты не?

3.Адам өмірге не үшін келеді?

 

ΙΙΙ.топ.

1.Осы өлеңді жатқа білесіңдер ме?

2. «Мен – балаң, жарық күнде сәуле шашқан,

Алуға күнді барып белді буған» Осы өлең жолдарын қалай түсінесіңдер?

 

YΙΙΙ. Ой түйін: «Мен адаммын!»

(Антонимдік ассоциация құру)

 

    Балалар, әрбір адамның да кемшілігі болуы мүмкін. Алайда, ерік – жігеріміз мықты болса  - алMayтын қамал жоқ. Өзіміздің кемшілік – қателерімізді жөндеуге ешқашан да  кеш болMayды. Олай болса, адам бойындағы жақсы – жаман қасиеттерді антонимдік жұп арқылы топтастырайық.

 

(Алдымен антоним дегеніміз не?)

 

Ι. Ақылды – ақымақ.

 

ΙΙ. Білімді – надан.

 

 

 

ΙΙΙ. Еңбеккқор – жалқау.

 

ΙX. Оқушылар әр топта өздеріне берілген сұрақтарға жауап береді.

(Әр топқа кеспе қағаздар таратылады )

 

 Ι.Топ. 

Ақын нені жақсы, нені жаман деп есептейді?

Ақынның кез – келген бір өленің жатқа айт?

 

ΙΙ. Топ. 

Ақын ауырмаған кездерін қандай күнге теңейді?

 

Ақынның жас кезіндегі арман, мақсатын, меңзеген жолды оқындар.

 

ΙΙΙ. Топ.

Өлеңнің негізгі идеясы қандай?

Өлеңді неге «Шығамын тірі болсам адам болып»

деп атаған?

 

    Енді бір сәт ойымызды жинақтап сергіп алайық. 

Бұл жерде осы дыбыстарға байланысты сөздер табамыз.

 

X. «Дыбыстар сөйлейді»  

 

С – САУАТТЫ

Ұ – ҰЛАҒАТТЫ

Л –ЛАЙЫҚТЫ

Т –ТАЛАПТЫ

А – АРМАНШЫЛ 

Н - НАМЫСШЫЛ

М –МАҚСАТШЫЛ

А – АЙБЫНДЫ

Х – ХАЛЫҚШЫЛ

М – МАҚТАН ТҰТАР

Ұ – ҰЛЫ АҚЫН

Т – ТАЛАНТТЫ. 

 

     Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құрап жіберейікші? 

(Әр топ осы сөздерді қатыстырып сөлемдер құрайды ауызша)

 

XΙ.Сабақты қорыту:

 

1.Оқушылар енді осы өлеңді көз алдымызға елестетіп шағын сурет салып жіберейік.

                                                              (Әр топ )

 

 

 

Ι.топ.

1.Қандай шығармалар, поэмаларын, романдарын білесіңдер?

2.Ақын қандай серт берген өз – өзіне?