24
November
2020
Кәсіптік бағдар
Д.Қонаев ауылы Төле би атындағы орта мектебінде Кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүзеге асыруға бағытталған 2020-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын басшылыққа ала отырып директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 20-23 қараша аралығында 11 сынып оқушыларына арналған ауылымызда орналасқан өндірістер ман кәсіпорындар өкілдерінің қатысуымен «Өз ісінің шебері», «Мамандық өмір таңдауы» тақырыптарында кездесулер ұйымдастырылды.
Мақсаты: 11 сынып оқушыларына еңбек қызметінің түрлі бағыттары бойынша даярлауға дұрыс бағыт беру, дұрыс мамандық таңдай білуді үйрету, оқушыларға қолдау көрсету, оқушыларды еңбек сүйгіштікке, еңбек ете білуге және еңбекке ынталы болуға тәрбиелеу, жоспарларын аныктау, мамандық таңдаудың қыр-сырын меңгерту.




