қыздар мен жұмыс » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
10
December
2020

қыздар мен жұмыс

Төле би атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылына арналған тәрбие жоспарына сәйкес желтоқсан айының 9 күні ДТІЖО М.М.Истибаеваның,  ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаеваның және "Қыз Жібек" қыздар клубының жетекшісі А.Б.Ақжолованың ұйымдастыруымен  9-10 сыныптың қыздарымен «Қыз балалардың құқығын көтермелеу» тақырыбында онлайн форматта ZOOM платформасы арқылы танымдық сабақ  өткізілді.  
Осы тақырып алдын ала қыздарға айтылғандықтан, олар өз беттерімен ізденіп, тақырыпқа байланысты мәліметтерімен бөлісті.
        Кездесуге мектептің психологы Е. Турыскулова және тарих пәнінің мұғалімі Г.П.Мынжасарова қатысып, өз пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында клуб жетекшісі дайындаған мәліметтерімен  таныстырып, пікірталас ұйымдастырылды.  
ДҚТІЖО А.Д. Джуаспаева қыздарға құқықтары мен міндеттері туралы айтып түсіндірді. Қыздар жиналыстан көп әсер алып және келешекте өз құқықтарын қорғау үшін қандай әрекеттер жасау керек екендігін түсініп білді.