15
февраль
2021
Қазақстандық патриотизм
Биыл Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 32 жыл толды. Мағжан Жұмабаев айтқан «арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты» сарбаздар соғыстың қатеріне бел буып, ел үшін күресіп, жанқиярлық ерліктің ерен үлгісін көрсете білді. Қара жердің бетін қызыл қанға бояп, қанша жанға қасірет қамытын кигізген отты жылдың қай жағынан алсақ та, жақтап алар тұсы жоқ. Сол соғыстың бірі – ауған соғысы.
Д.Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектебінің 2020-2021 оқу жылының Тәрбие жоспарына сәйкес, ақпан айының 16 жұлдызында барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, 9 қазақ-орыс сынып оқушыларының "Өшпес ерлік-ұрпаққа мұра" атты Ауған соғысы ардагерлері Дүйсенбаев Жақсылық Болысбайұлының және марқұм Өтепов Дулат Әбдіманапұлының анасы Өтепова Клепа Семеновнамен кездесу ұйымдастырылды. Кездесуде оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойыды. Ардагер соғыста болған оқиғаларын еске ала отырып. Өз ойымен бөлісті.
Осындай батыр интернационалдық парызға адал болған ауғандық ардагерлерді қадірлеп, құрметтеу – біздің, өскелең ұрпақтың борышы. Елімізде өсіп келе жатқан болашақ ұрпақ осындай батыр ағалармыздан үлгі алып, бой түзеп өссе дейміз. Осынау ойранға қатысып келген батырларымыздың дендеріне саулық, бастарына амандық тіледік. Бұл күн – көңілде сызы, жүректе ізі қалған ауыр да азапты күн болып қала бермек. Батырларға деген сый-құрмет ешқашан жоғалMayды, жоғалмақ емес.
Мақсаты: өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сезім ұялатып, оқушыларға зұлмат соғыстың адамзат баласына әкелген қайғы- қасіреті жөнінде мәлімет беру. Ардагерлердің ерліктері туралы баяндалып, жастарды өз Отанын сүюге, жаудан қорғауға, өз елінің патриоты болуға шақырып, насихаттайды. Ауған соғысында қаза болған жауынгерлердің рухына тағзым етіп, есімдерін қастерлеу, ерлігі ұмытылмас батыр ағалардың есімі мәңгі жасай беретінін таныту.



