25
November
2021
Бала құқығы - адам құқығы акция
*АДАМ ҚҰҚЫҒЫ БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУДАН БАСТАЛАДЫ*
Нəресте шыр етіп жарық дүниенін есігін ашқан минутынан бастап оның өмірін, денсаулығын, тыныштығын қорғап отырған заң бар.
Балалар, ересектер сияқты адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына ие, сондай-ақ Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясы мен Азаматтық және саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Халықаралық пактіде көзделген заң тарапынан да тең қорғау көрсетілуіне құқылы.
Балаларды қорғау дегеніміз - әрбір сәбидің тыныштығын қорғау,тәтті ұйқысын бұзбау,алаңсыз күлкісін тоқтатпау деген сөз.
Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектеп əкімшілігі 20 қазан-20 қараша аралығында "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбында өткізіліп жатқан айлықтың аясында жоғары сыныптарда коучинг ұйымдастырды. Аталған іс шараға Белсенді жастар, сыныптағы "Бала өкілі", өзін-өзі басқару
" Мектеп Парламентінің" мүшелері қатысты.
Өткізген іс-шараның соңында "Бала құқығы-адам құқығы" тақырыбы бойынша пікіралмасу жүргізілді.


