Некеге тұру жасы туралы түсінік » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
16
January
2024

Некеге тұру жасы туралы түсінік

Дінмухамед Қонаев атындағы орта мектебінде Біртұтас тәрбие бағдарламасының аясында құқықтық тәрбие жоспарына сәйкес, мектепте құрылған "Қыз жібек" клубының жетекшісі А.Б.Ақжолова мен мектеп медбикесі М.Е.Жасұзаққызы қыздармен жиын өткізді. Жиын "Некеге тұру жасы туралы түсінік" тақырыбында өтті. 
Мақсаты: 1. Қыздардың Құқықтық сауаттылығын арттыру.
                2. Ерте жүктіліктің алдын алу.
                3. Қыз тәрбиесін нығайту.
Жиын барысында ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева қыздарды "Неке мен Отбасы" Заңының 3 тарауының 10 бабымен таныстырды:
 10-бап. Неке жасы
      1. Неке жасы еркектер мен әйелдер үшін он сегіз жас болып белгіленеді
      2. Дәлелді себептер болған жағдайда мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазу органдары неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендетуі мүмкін.
      3. Неке жасын төмендету туралы өтінішті некеге тұруға тілек білдірушілер немесе олардың ата-аналары, не қорғаншылары (қамқоршылары) белгіленген неке жасын төмендету қажеттігін туғызатын себептерді көрсете отырып қозғай алады.
      4. Барлық жағдайларда неке жасын төмендетуге тек некеге тұрушылардың келісімімен ғана жол беріледі.
      5. Неке жасына толмаған адамдар арасындағы некеге ата-аналарының не қорғаншыларының келісімімен ғана рұқсат етіледі.
Мектеп медбикесі М.Жасұзақова "Ерте жастағы неке және оның зардабы" тақырыбында баяндама оқып , қыздарға кеңес берді.   "Қыз жібек" клубының жетекшісі А.Б.Ақжолова қыздардың имандылық пен әдептілікті сақтап, мектеп тәртібін бұзбай, жақсы жағынан өздерін көрсететіндеріне сенім білдірді.




























Похожие публикации:

02 февраль 2021 қыздармен жұмыс
18 февраль 2019 қыздар мен жұмыс