Пиротехникалық бұйымдарды қолданудағы қауіпсіздік » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Пиротехникалық бұйымдарды қолданудағы қауіпсіздік
21
December
2022

Пиротехникалық бұйымдарды қолданудағы қауіпсіздік

Құрметті ата аналар! Жаңа жыл жақындаған сайын бенгал оттары,  петарда, зымыран, вулкан секілді алуан түрлі пиротехникалық шартылдақтардың саудасы қыза түседі. Жұртшылық базарларда қаптап тұратын пиротехникалық бұйымдарды сатып алуға құмар. Көпшілік олардың қалай сақталғанын, қандай жолмен келгенін, арнайы сертификаты бар ма, жоқ па, мән бере бермейді. Пиротехниканы сатып аларда сатушыдан оның сертификаты мен сатуға рұқсат қағазы бар-жоғын міндетті түрде сұрап алу керек. Бұл қауіпсіздік үшін аса маңызды. Себебі бұл өнімдердің құрамында тез жанғыш зат пен тотықты қоспалар болады. Егер дұрыс сақталмаса немесе ережемен қолданбаса, адам денсаулығына зиян келтіруі мүмкін.
"Бірақ сертификаттың өзі қауіпсіздікке кепілдік бере алMayтынын ескерген жөн
Пиротехникалық бұйымдарды қолданарда нұсқаулықты мұқият оқып алу керек. Заңды өнімдерде нұсқаулық қазақ және орыс тілдерінде жазылады. От шашу кезінде 50м. радиусты жерде ғимараттар, ағаштар, тез тұтанғыш заттар болмауға тиіс.
"Пиротехниканың салдарынан мүгедек болған, күйік шалған, мертіккен жағдайлар аз емес. Мұның бәрі ережені сақтамаудан. Жарылғыш затты қолданарда алдымен қауіпсіз аумақты таңдап алу қажет. Адамдар мен отшашудың арасы кемі 35-50 метр болуы тиіс. Пиротехниканы жабық ғимараттарда қолдануға әсте болMayды, оның жанында темекі тартудан да аулақ болған жөн. Балалар үлкендердің бақылауымен ғана қолдану керек. Осы қарапайым ережелерді әр адам есте ұстаған абзал"!
 Балаларымыздың қауіпісіздігіне жауапкершілікпен қарайық!