Төле би атындағы орта мектеп асханасындағы ыстық тамақ туралы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Төле би атындағы орта мектеп асханасындағы ыстық тамақ туралы
08
февраль
2019

Төле би атындағы орта мектеп асханасындағы ыстық тамақ туралы

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектеп асханасынан берілетін ыстық тамақ туралы құжаттар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мектеп асханасында тамақтанатын оқушылардың ата-аналарымен "Ашық есік күндері".


 

 

 

Мектеп асханасындағы "Денсаулық бұрышы".



 

 

Аз қамтылған отбасы балаларының тамақтану сәті



 

 

 

 


Төле би/а/ атындағы шағын орталықты орта мектебі  2018-2019 оқу жылы  Аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылардың  ыстық тамақпен қамтылуы туралы. 

       Мектеп бойынша оқу жылының басында  бала саны  -1210 оқушы.Оның 

32 аз қамтылған отбасынан, 1оқушы  қамқорлыққа алынған.Барлығы 33 оқушы мектеп асханасынан бір мезгілдік ыстық тамақпен қамтылған. 

       Бұл оқушылардың  құжаттары мемлекеттік стандартқа  сай  рәсімделіп , бекітілген.Комиссия мүшелерімен бірлесе отырып тұрмыстық жағдайлары тексеріліп, актлер толтырылды.  

          Мектеп асханасына оқушылардың екі ауысымда тамақтану кестесі, мұғалімдердің кезекшілік кестесі бекітіліп ілінді.Ай сайынғы ас мәзірін құрып, күнделікті ас мәзірінің сынамасын  мектеп медбикесі Д.И.Давлетхожаева  алып тұрады. 

         Әкелінетін  ай сайынғы азық-түліктің сапасының  талапқа сай  екендігі,         асхананың жабдықталуы, ас сақтайтын қоймалар, тоңазытқыштардағы сақталатын  азық-түліктің  көршілестігі қадағаланып,  тамақ сапасын бақылайтын бракеражды комиссия мүшелері қабылдап алып, хаттамалар толтырылады. 

          Әр айдың 10 жұлдызында мектеп асханасында ата-аналарға «Ашық есік » күні өткізіледі.Тамақтанатын оқушылардан ай сайын асхананың қызметі, тамақтың сапасы туралы сауалнамалар алынып, мектеп биологтары, психологтары, әлеуметтік маман түрлі тақырыптарға жоспар бойынша баяндама жасап отырады. 

         Тамақтанатын оқушылардың белгілі себептермен   келмей қалғандарының орнына бұйрық бойынша қосымша тізімдегі оқушылар қамтылады.Күнделікті оқушылардың  тамақтануын асхана арендаторы А.Сәрсенбаева  мен аспазшы Т.Аббасова қадағалап тұрады. 


       Мектеп бойынша ыстық тамақпен 1-сыныптан-152/1үйде оқиды/ оқушы ,аз қамтылған отбасы мен қамқорлықтағы -33 оқушы , барлығы- 184 оқушы қамтылған.