Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар
02
April
2019

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі

2018-2019 оқу жылы

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне

өткізілген іс-шаралар

 

         Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне арналған іс-шаралар жоспары жасалынып, бекітілді. Жоспар бойынша іс-шаралар атқарылды.

28 ақпан күні тәлімгер  Ұ.Камалованың ұйымдастыруымен «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбының аясында  ауылымыздың соғыс ардагері Азимов Иосиф  атаның үйіне барып, көмек көрсетілді.

 26  күні «Рахмет саған , Мектебім!» тақырыбында алғыс айту жиыны ретінде 11 «в» сынып түлектері өздерінің мектепке деген жүрекжарды тілектерін айтып, лебіздерін білдірді.

27 ақпан күні сурет пәнінің мұғалімі Е.Көрпебаев «Ақ көгершін самғасын!» тақырыбында оқушылардың салған суреттерінен көрме ұйымдастырды.

27 ақпан күні 5- 11 сыныптар  арасында сынып жетекшілер «Жақсылық жасай білейік» тақырыбында қамқорлық акциясын сазды кеш ретінде өткізді.

25 ақпан мен 1 наурыз аралығында 1-11 сыныптарда  «Алғыс - сөздің асылы»

Тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. Сынып сағаттарында алғыс айту күні туралы мәліметтер беріліп, өлең шумақтары оқылды.

Жасұлан ұйымының ұйымдастыруымен «Кімге алғыс айтар едіңіз?» тақырыбында  сұхбат жүргізіп, бейне ролик жасалды. Оқушылар өздерінің алғыстарын ата-анасына , достарына, сыныптастарына ұстаздарына, сынып жетекшілеріне, мектепке алғыстарын айтып, жылы лебіздірін білдірді.

1 наурыз күні 5 «а» сынып сынып жетекішісі Н.Макашеваның басшылығымен  «Алғыс айту парызым» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Тәрбие сағаты өте жоғары деңгейде өтті және алғыс айту туралы мәлімет беріліп, 5 сынып оқушылары көбелек , қазақша билерін билеп, ән айтылып, өлең шумақтары оқылды. Ашық тәрбие сағатына ата-аналар шақырылдыы. Ата-аналар балаларының өнерлерін тамашалап, сынып жетекшіслеріне рахметтерін айтып, жылы  лебіздерін білдірді.

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар

 

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар

 

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар

 

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар

 

Қазақстан Республикасының 1 наурыз - Алғыс айту күніне өткізілген іс-шаралар