9-мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай іс-шаралар » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
Education Department of Kerbulak district
Reception room :
+7(72) 43-50-93
bookkeeping:
+7(72) 23-11-37
Version for
visually impaired
» » 9-мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай іс-шаралар
04
May
2020

9-мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай іс-шаралар

Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде 7-мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9-мамыр Ұлы Жеңістің 75 жыл толуына орай іс-шаралар жоспары жасалынып, жұмыстар атқарылды. "Мәңгілік полк" акциясы аясында соғыс туралы шығармалар, өлеңдер челлендждері, қашықтықтан оқу аясында "Ерлік сабақтары" тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді."Жас Ұлан" ұйымы "Біз біргеміз" акциясы аясында Ұлы Отан Жеңісінің 75 жылдығына арналған "Жеңіс бағы" республикалық акциясына қатыса отырып, Ұлы Отан Соғысында бейбіт күн үшін соғысқан батырларымызға арнап ағаштар мен гүлдер отырғызу шаралары ұйымдастырылды. 
Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай өткізілген облыстық "Жеңіс туы желбіре" атты сырттай ән байқауына қатысып, жүлделі I - орын иеленгені үшін 4 "в" сынып оқушысы Агалиева Назли және жүлделі II орын иеленгені үшін 4 "а" сынып оқушысы Алдасүгір Адилет  Дипломдармен марапатталды.