11
March
2022
Коучинг "Тиімді кері байланыс және рефлексия


Teachersдің кәсіби құзыреттілігі мен шығармашылық әлеуетін арттыру жоспарына сәйкес 11 наурыз күні Төле би атындағы орта мектебінде "Тиімді кері байланыс және рефлексия" тақырыбында тарих пәні мұғалімі Р.А.Мамбетованың ұйымдастыруымен коучинг өтті.Мақсаты: Teachersге сабақтағы кері байланыс пен рефлексия жайлы,оның түрлері,әдістері жайлы мәліметтер алуға жағдай жасау .Оқушылардың көңіл- күйіне,сабақтағы іс-әрекетке ,оқу материалдарына рефлексия жасау жолдарын жоспарлауды бірлесіп қарастыру.
Коучинг барысында мұғалімдер көптеген әдіс -тәсілдермен танысып ,оларды тәжірибе жүзінде қолдану жолдарын қарастырды. Сонымен қатар коучинг барысында мұғалімдер сабақта қолдануға арналған формативті бағалаудың түрлерін қолданып, бір- біріне кері байланыс беріп отырды.Feedback оқушының оқыту үрдісі қалай өткені және қандай нәтижеге жеткізгендігі туралы ой -пікірін таңдауға негізделеді.Feedback сабақтың соңында ғана емес, сабақ барысында оқушылардың өз бетімен орындайтын тапсырмаларының соңында жүргізіліп отыруы керек.Рефлексия мақсаты еске түсіру ,өзінің сабақ бойындағы іс -әрекетіне баға беру,талдау және мәселелердің шешу жолдарын іздестіру.
.Teachers көптеген мәлімет алып өз біліктіліктерін арттырды.Осы алған ақпаратты өз сабақтарына жүйелі қолданамыз деп ой бөлісті.