құқық бұзушылықтың алдын алу » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
26
ноябрь
2019

құқық бұзушылықтың алдын алу



Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі

Ұлдар мен өткен жиналыстың 


Хаттамасы 


  Мерзімі : 26.11.2019 ж.

Қатысқандары: мектеп директоры: М.Т.Султанова, 

  Қонаев ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы -  Б.Ж.Досымбеков

  Қонаев ауылының ақсақалдар алқасының мүшесі – Ж.Оспанов

  Түрік мәдени орталығының өкілі – И. Гамидов    

  Шу ауданының ПБ учаскелік инспекторы  - Б.Төлеубай                                                

  Қонаев ауылының учаскелік инспекторы  –  Б.Улкенбаев

  ДҚТІЖО -  А.Д.Джуаспаева

  8-11 сынып оқушылары /ұлдар/  Барлығы – 137 оқушы


Күн тәртібі:

  1.  Мектептің ішкі тәртібінің  сақталуы туралы – М.Т.Султанова 
  2. Құқық бұзушылықтың алдын алу  тәрбиеден басталады  - Б.Ж.Досымбеков,   Ж.Оспанов
  3. Ұлтаралық татулық  - бейбіт өмірдің кепілі. -  И. Гамидов     
  4. Қоғамдық тәртіпті сақтау.  Тағылық   /Вандализм/  түсінігімен жауапкершілігі туралы. – Б.Улкенбаев


       Алғы сөзді мектеп директоры алып  оқушы мектепке сабақ басталуына 15-20 минут қалғанда келіп, таза әрі ұқыпты киінуі тиіс. Оқушы жеке гигиенаны сақтауы қажет екенін ескертті.Сабақтан қалып қойған оқушыларды кезекші мұғалім тіркеп, күнделікке қалып қойғаны жайында жазады. Қалып қойған оқушылар тек кезекші әкімшінің рұқсатымен ғана сабаққа кіре алады. Жүйелі түрде сабақтан қалатын оқушылар мектеп әкімшілігіне түсіндіру үшін шақырылады.

 Оқушылардың оқу кезінде мектептен шығуы тек сынып жетекшінің немесе кезекші әкімшінің рұқсатымен жүзеге асырылады.   Ауыздағы сағыз – дөрекі әдеттің белгісі, сабақ кезінде оны қолдануға болмайтынын түсіндіріп. Сабақ аяқталғаны туралы қоңырау мұғалім үшін арналған. Тек мұғалім ғана сабақтың аяқталуы жайында хабарлап, сыныптан кетуге рұқсат бере алады. Сыныптан кеткен кезде өзінен кейін оқу орнын ретіне келтіру керек деп сөзін аяқтады.

  Келесі сөзді  Қонаев ауылының ақсақалдар алқасының төрағасы -  Б.Ж.Досымбеков  алып, балалардың тәрбиесі туралы сөз қозғады. Өз сөзінде тәрбие басы отбасынан дей отырып, балаларға ауылымыздың көркеиіп жатқандығын ескертті. Алайда заңды білместіктен   балалық жасап,  кейбір оқушылардың  ауыл саябағында орналасқан демалыс орындарына сурет салып кеткендігін айтып, өзінің ренішін білдірді. Бірақ дер кезінде бұзақылық жасаған бала, істеген ісін жөндегені туралы хабарлады. Б.Ж.Досымбеков  балаларға өз Отанын сүю, патриотизм  туған жерге құрмет көрсетуден басталатынын айтып, тәртіп сақтауға шақырды.

   Түрік мәдени орталығының өкілі – И. Гамидов   ата-бабаларымыздың бейбітшілікке жету жолындағы ерліктері туралы айтып, үлкен кісілердің, ақсақалдардың  ақыл кеңестеріне құлақ түру қажеттілігін   ескертті. Қонаев ауылының көпұлтты   және тату елді- мекені екендігін алға тарта отырып, мектеп оқушыларының бойында имандылық, тәртіп, адамгершілік   қасиеттерінің басымдылығына сенетінін жеткізді. 

Қонаев ауылының учаскелік инспекторы  –  Б.Улкенбаев  ҚР   Қылмыстық Кодексі  294-бап. Тағылық / Вандализм/ туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жауапкершілігі туралы ескертті

    -  Тағылық,  яғни ғимараттарды, өзге де құрылыстарды, тарих және мәдениет ескерткiштерiн, мемлекет қорғайтын табиғи объектiлерді жазулармен немесе суреттермен немесе қоғамдық имандылықты қорлайтын өзге де әрекеттермен бүлдіру, сол сияқты көлiкте немесе өзге де қоғамдық орындарда мүлiктi қасақана бүлдiру –   бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір жүз алпыс сағатқа дейiнгi мерзiмге қоғамдық жұмыстарға тартуға не қырық тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады -  деп ескертті.


Шешімі:     1. Оқушылар тарапынан мектептің ішкі тәртібі сақталынсын.

  1. Әр бір оқушы қоғамдық орындарда тәртіпті сақтасын.
  2. Қонаев ауылының учаскелік инспекторы  –  Б.Улкенбаевтың   ҚР  Қылмыстық   Кодексі  294-бап. Тағылық / Вандализм/ туралы түсіндіру жұмыстарын назарға алынсын.