28
февраль
2020
1 Наурыз Алғыс күнін мерекелеуге өткізілген іс-шаралар
1 наурыз Алғыс айту күніне жоспар жасалынып, бекітілді. Бекітілген жоспар бойынша жұмыстар атқарылды. 1-11 сыныптар арасында "Ризамын" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 7 сыныптар арасында "Ризамын" тақырыбында флешмоб өткізілді. Флешмобқа 43 оқушы қатысты. 1-2-11 сыныптардың қатысуымен "Алғыс сөздің асылы" тақырыбында мерекелік кеш өткізілді. Мерекелік кешке мектеп оқушылары қатысып, ұстаздарды ерен еңбектері үшін алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді. 5 "ә" сыныбы сынып жетекшісі Боранқұл Асияның ұйымдастыруымен "Ризашылық пен алғыс" тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізіп, оқушылар ән айтып, би билеп, ұстаздарға алғыс туралы өлең шумақтарын тарту етті. 









