сынып жетекшілер семинары » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
февраль
2021

сынып жетекшілер семинары

Болашағы-жас ұрпақты тәрбиелеуде бірінші бесік-отбасы, ата-ана тәрбиесі болса, екінші бесік-білім беру мекемесі. Заманға лайық тәрбие мен білім беру жұмысын кешенді ұйымдастыру жаңа технологияларды, тың идеялар мен шығармашылық, инновациялық жаңашылдықты қажет етеді. Сондықтан жас ұрпаққа білім беруді үздіксіз жетілдіру мәселесі толассыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық.
Д.Қонаев ауылы, Төле би атындағы орта мектебінде 2020-2021 оқу жылының Тәрбие жоспарының негізінде, сынып жетекшілер әдістеме бірлестігінің жұмыс жоспарына сәйкес  ақпан айының 12 жұлдызында барлық санитарлық талаптар сақтала отырып, Тәрбие жұмысының  жаңа формалары, әдіс-тәсілдерімен бөлусу, сынып жетекшіге әдістемелік-практикалық көмек көрсету, шығармашылығын шыңдау мақсатында мектебіміздің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  М.М.Истибаеваның ұйымдастыруымен «Сыныптың тәрбие жұмысын ұйымдастыру, жүзеге асыру және талдау» атты сынып жетекшілерге арналған семинар-практикум өткізілді. 
Семинардың ашылуында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Истибаева Марал Муратқызы сөз сөйлеп, семинар бағдарламасымен таныстырып, келген барша қонақтарға сәттілік тіледі. 
Әрі қарай, келген қонақтарға көтеріңкі көңіл сыйлау мақсатында, мектептің психологтары Е.Турыскулова және Г.Диханбаева  «Шатыр адам»  атты тренингпен семинарды жалғастырды.
7 сынып жетекшісі Н.С.Макашева «Сынып сағаттарын ұйымдастырудағы тиімді әдіс-тәсілдер» тақырыбында баяндама оқып, мұғалімдердің қызығушылығын туғызды. 
1 сынып жеткшісі Г.М.Жолдыбекова «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» атты ашық тәрбие сағатын өткізіп, қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
1 сынып жетекшісі А.Б.Жамбаева «Путешествие капельки» тақырыбында қатысушыларға панорамалық сабақ көрсетті.
Ұйымдастырушылар өздерінің кері байланыстарында семинардың практикаға бағдарланған форматын атап көрсетіп, мектеп мұғалімдеріне кәсібилік және ынтымақтастық атмосфера үшін алғыстарын жеткізді.