06
декабрь
2021
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына байланысты, тарих пәнінің мұғалімі Г.Мыңжасарованың ұйымдастыруымен "Жаса, мәңгі Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында оқушылардың білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу мәдениетін, жан-жақты ой өрісін жетілдіру, ой ұшқырлығын, оқуға деген ынтасын арттыру.
Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетін өркендетуге, Тәуелсіздігіміздің шексіз, мәңгі болуына адал қызмет ететін білімді де жан-жақты дамыған, интеллекті жоғары, батыл текті, намысты ұрпақ, шынайы патриоттар тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, туған елінің тарихын, зиялы тұлғаларын тануға шақыру.


