08
февраль
2022
«Тәртіпсіздік пен құқық бұзуышылықтарға жол бермейік!»
Қонаев ауылыТөле би атындағы орта мектебінде "Қиын бала болмайды" жобасы аясында, мектептің ДҚТІЖО А.Джуаспаеваның ұйымдастыруымен «Тәртіпсіздік пен құқық бұзуышылықтарға жол бермейік!» тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Жергілікті ауыл жастарына психологиялық және діни кеңестер берілді.
Аталған іс-шараға "Жастар ресурстық орталығы" КММнің орынбасары Ә.Касенова, психологы М.Жексенбайқызы және "Дін және жастарға көмек көрсету бөлімінің" аға инспектор-теологы М.Ж.Смайылов қатысты.
Мақсаты: Оқушылар арасында құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайларды барынша болдырмау және алдын алу, оның зияндылығы мен қауіптілігін түсіндірк. Өскелең ұрпаққа құқықтық тәрбие бере отырып, сауаттылығын арттыру, құқықтық білімін дамыту, ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау. Конституцияны, құқықтық нормативтік актілерді орындай, құрметтей білуге үйрету.
Түсіндірме жұмысы барысында бала құқығы туралы ҚР заңнамалары,әкімшілік -қылмыстық кодекс баптары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, мектеп ережелерін сақтауға кеңес беріліп, қажетті сын-ескертпелер айтылды.
Жасөспірімдерге қатысты тәртіп ережелері, отбасындағы ұл бала тәрбиесінің ерекшеліктері, қоғамдық ортада ұл бала өзін қалай ұстау керектігі жайлы айтылды.
Сонымен қатар оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану, әлеуметтік желілерді пайдалунадағы туындайтын қауіп түрлері мен бопсалау іс-әрекеттеріне байланысты қылмыстық жауапкершілік бойынша ақпарат берді. Кәмелетке толмағандардың заңдылығын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қылмыстық және басқа да заңсыз қол сұғушылықтардан қорғау, сондай-ақ оларды кемсітудің, физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылықтан, қорлау мен қатыгездіктің барлық түрлерінен қорғауды қамтамасыз ету үшін, тәртібінде қиындық туғызатын балалармен жеке әңгімелесу жүргізе отырып, мектептің жауапты қызметкерлерімен бірлесе , оқушылардың мінез-құлқын қалыптастыруға бағытталған құқықтық насихат, ақпараттық-ағарту жұмыстарын жүргізді.


