31
март
2023
«Өскен өңір!» көгалдандыру акциясы
Ағымдағы жылдың 31 – Наурыз күні Қонаев атындағы орта мектебінің «Жас Ұлан» ұйымының белсенді оқушылары экоакцияға
қатысып, өздерінің қоршаған ортаға деген сүйіспеншіліктерін көрсете отырып, жаппай ағаш отырғызу және елді мекендер мен аулалардың аумақтарын тазарту бойынша «Өскен өңір!» көгалдандыру акциясы өтті.
Акцияның мақсаты – Туған өлкемізді жасыл желекке бөлеп, тазалықты сақтау баршамызға ортақ міндет. «Бір тал кессең, он тал ек» қағидасын мықтап ұстанған халқымыз үшін тал егу маңызды істердің бірі.



