1 маусым -"Бақытты балалық шақ" » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 маусым -"Бақытты балалық шақ"
01
июнь
2022

1 маусым -"Бақытты балалық шақ"

2022 жылдың 1 маусым күні Шу ауданы Қонаев ауылындағы Төле би орта мектебінде Халықаралық балаларды қорғау күніне орай мектеп жанындағы "Бақытты балалық шақ" атты жазғы лагердің ашылу салтанаты болды. ҚР Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың 2022 жыл "Балалар жылын" жариялау аясында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау – еліміздің әлеуметтік-құқықтық саясатының басым бағыттарының бірі. Осыған орай ауылымыздың « Байтерек» балабақшасы, Балалар шығармашылығының орталығы мен Толе би атындағы орта мектебі бірлесе ұйымдастырған  "Бақытты балалық шақ" атты мектеп жанындағы лагердің ашылу салтанаты болып өтті.Бұл күн естен кетпес керемет мерекелік шараға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Батиханұлы қатысып құттықтау сөз сөйледі. Ал, мектеп оқушыларының тарапынан ұйымдастырылған бұл шараға ауыл тұрғындары мен ата - аналар қатысып ризашылықтарын білдірді. Мұғалім болу тікелей адамзат тәрбиесіне жауапкершілікті алу деген сөз. Бұл мамандыққа бастағанда жеңіл кіріспей, үлкен армандармен, мамандыққа деген зор махаббатпен келу керек. Ұстаз атану құқығына сонда ғана қол жеткізу мүмкін. Өзінің ұстанымын дәл осылай қалыптастырған білікті де білімді ұстаз атаулы мектеп директоры Махаббат Сұлтанованың шеберлігімен балалар арасындағы спорттық ойындар мен көрмелері қонақтардың көңілінен шығып алғыстарын айтып жатты. Бұл жиында мектеп оқушылары мен бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасына жалғасты. 
Аспанымыз ашық, болашағымыз жарқын болсын. Осымен, «Көк аспанда күн күлсін, бірге күлсін бүлдіршін!» атты мерекелік іс - шарасы көпшіліктің көңілінен шықты[video=]

https://www.facebook.com/permalink.php?story_fbid=pfbid0evLwFzZ2qppbzbBYuT77STxcC2ZsDqpqpgxgt3qmjg3YfN8WoHoszuyvnBsdqLDkl&id=100078803164410&__cft__[0]=AZXPbPRr5hI7J14-8TS1PGZLz56la8HR9mGUUiWwT3PSHpEcYmf3Bu-tR_IM6xNOpCru5sHKqh5bAHPzOaP78wK3Rl4-7BvL15CQ3mQu70eolrr-NVzOT5b2tLX9iishHqx6HwM8REWtjSynEH_pmcOjPQJoMdI-KQtMHxKih0wChHLzHY61Kl0bmBkmkh0IZYQ&__tn__=%2CO%2CP-R