Вакансия » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
10
август
2023

Вакансия

«Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» КММ КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ: 1. Лауазым: математика, химия пәндері мұғалімдігіне (орыс сыныптарына) 2. Лауазымдық жалақысы 140000-160000тг (еңбек сіңірген жылдарына байланысты) 3. Конкурсты өткізу мерзімі: 21.08.2023 жылы. Сағ15:00 4.Конкурс өткізілетін орын: «Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Шу ауданы білім бөлімінің Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 5.Мекеменің мекен-жайы: Шу ауданы Қонаев ауылы С. Оңласынов көшесі 81 Анықтама байланыс телефоны: 8(726)38 4-54-62, Біліктілік талаптары: Арнаулы – орта (педагогикалық және жоғары білімі, педагогикалық) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) Конкурсқа қатысу туралы өтініш; 2) Жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат ( идентификация үшін); 3) Кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекен-жайы мен байланыс телефондары көрсетілген, бар болса); 4) Педагогтардың үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері; 5) Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса); 6) «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30-қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығыменбекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21579 болып тіркелген). 7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама; Наркологиялық ұйымнан анықтама 9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты немесе педагог-модератордың,педаго-сарапшының,педагог-зерттеушінің,педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда) 10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы. Құжаттарды қабылдау мерзімі:8.08.2023-16.08.2023жж.