Ата -анаға жадынама » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
сентябрь
2023

Ата -анаға жадынама

Құрметті ата-аналар!
Балаңыздың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін: 
Балаларды жолда және қоғамдық көлікте өте мұқият болуға үйретіңіз
Балалармен ойын немесе спорт алаңында болған кезде абай болыңыз.
Есіңізге сақтаңыз, дәрі-дәрмектер, өткір және жанғыш заттар балалардан алыс сақталуы қажет.
Көшеде және әлеуметтік желіде бейтаныс адамдармен сөйлесуге рұқсат бермеңіз. Балаға «Жоқ» деп айтуға толық құқығы бар екенін түсіндіріңіз.
Бала суда болған кезде, баланы назардан тыс қалдырмаңыз
Балаларға жалғыз шомылмауын, сондай-ақ бейтаныс жерде суға түспеу керектігін міндетті түрде түсіндіріңіз.
Балаларды құтқару қызметіне қоңырау шалуға үйретіңіз:  Өрт сөндіру қызметі - 101, Полиция - 102, Жедел жәрдем – 103, Авариялық газ қызметі - 104.