қыздар мен жұмыс » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
18
февраль
2019

қыздар мен жұмыс

Ақпанның 12 күні «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбында қыздар мен кездесу өтті.
Кездесудің мақсаты: Қыз бойындағы әдептілік, көріктілік, инабаттылықты қалыптастыру, қыздарға ерте жүктіліктің салдары жайлы түсінік беру . Кездесуге мектеп директорының ҚТІЖО Джуаспаева А.Д., ДТІЖО Байтабаева Б.Б., «Қыз жибек» қыздар клубының жетекшісі Джуаспаева Ш.Д., Мектеп медбикесі Давлетқожаева Д.Ы қатысты.
Кездесуді «Қыз жибек» қыздар клубының жетекшісі Джуаспаева Ш.Д «Қыз қылығымен сымбатты» тақырыбымен баяндама оқып, қыздарды әдептілік пен инабаттылыққа баулыды..
Мектеп медбикесі Давлетқожаева Д.Ы. қыздарға жеке бас гигиенасы, гигиеналық талаптар жайлы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Жалпы ағзадағы өзгерістер, сырт келбеттегі өзгерістер, алғашқы етеккір туралы мағлумат беріп, ерте жүктіліктің жас өспірімнің денсаулығына зияны жайлы түсіндірді.
Мектеп директорының ҚТІЖО Джуаспаева А.Д қыздарға өздерін қоғамда дұрыс ұстаудың кеңесін беріп ,«Что со мной не так?» бейне ролик көруді ұсынды.

Дайындаған: ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева
қыздар мен жұмыс
қыздар мен жұмыс