13
март
2020
Короновирустың алдын алу бойынша жүргізілген түсіндіру жұмыстары туралы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде 2020 жылдың 13 наурыз күні ата-аналар жиналысы өткізіліп, 3-тоқсанның мерзімінен бұрын аяқталуы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мектеп директоры М.Т.Султанова ата-аналарға короновирустың алдын алу мақсатында жеке бас гигиенасын сақтау және қауіпсіздік шараларын ұстануды ұсынды. Сонымен қатар оқушылардың көктемгі демалыс күндері 16 наурыздан 5 сәуір айына дейін жалғасатынын айтып өтті. 
