05
ноябрь
2020
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі 2020-2021 оқу жылы 1 –қазан Қарттар күніне өткізілген «Қарт жүрген жер береке, жас жүрген жер береке» атты акциясы туралы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2020-2021 оқу жылы
1 –қазан Қарттар күніне өткізілген «Қарт жүрген жер береке, жас жүрген жер береке» атты акциясы туралы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде 1-қазан Қарттар күніне орай «Қарт жүрген жер береке, жас жүрген жер мереке» атты акциясы өткізілді. Акцияға «ЖасҰлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының аға тәлімгері Д.Е.Атейбекова және жасұлан ұйымының мүшелері, ауыл әкімшілігінен жастар ісі жөніндегі инспекторы Нұрдәулет Бауыржанұлының қатысуымен ұйымдастырылды. Акция аясында Қонаев және Абылайхан көшесінің тұрғындары Бузаубаева Данакуль Бейсенбаевна және Асканбаева Ермеш жалғызілікті қарт кісілердің үйіне барып, мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, үй шаруасындағы жұмыстарына көмек көрсетті. Апаларымыз бәрімізге рақметтерін айтып, ақ баталарын берді.
Төле би атындағы орта мектебі2020-2021 оқу жылы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Құқықтық мәдениет»
жобасы аясында өткізілген дөңгелек үстел туралы
Мәлімет
28 қазан күні Төле би атындағы орта мектебінде «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының «Құқықтық мәдениет» жобасы аясында мектептің қашықтықтан оқитын 6 «ә» сынып оқушылары арасында «Әулиеата ұландары жастар қоғамдық қозғалысы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел барысында білім алушыларға Республикалық бірыңғай «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы туралы толық ақпарат берілді. Іс – шараға барлығы 15 білім алушы қатысты.
