08
ноябрь
2020
«Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» тақырыбында өткізілген интеллектуалды сайыс сабақ
«Өз құқықтарыңды білмесең, олардың қорғалуын
талап ете алмайсың» тақырыбында өткізілген
интеллектуалды сайыс сабаққа
анықтама
Жамбыл облысында Дүниежүзілік балаларды қорғау үшін мерекелеуге арналған «Бала құқығы – адам құқығы» аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес , 2020 жылдың 4 қараша күні Төле би атындағы орта мектебінің 8 «А» қазақ сыныбында «Өз құқықтарыңды білмесең білмесең, олардың қорғалуын талап ете алмайсың» тақырыбында ашық интеллектуалды сайыс сабақ өткізілді. Сайысты сынып жетекшісі Камалова Ұ.Х. өткізді.Сабақтың мақсаты: Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары жайлы баптардан түсінік қалыптастыру, құқықтық білімдерін толықтыру. Адамгершілік ізгі қасиеттер мен ар-ождан бостандығына, адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру. Оқушыларды жаңа тақырыпты талқылауға, өз бетімен жұмыс істеуге үйрету, ой өрісін, ойлау қабілетінің белсенділігін арттыру.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, жағдаяттық сұрақтар, шешендік сайыс.
Сынып оқушылары толық қатысты. Топқа бөлінді:
І топ «Бейбітшілік»
ІІ топ «Заңгерлер»
ІІІ топ «Ақиқат»
Мұғалім сабақтың өту барысымен таныстырып өтті:
- «Тақырыпты қорғау» кезеңі
- «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ
- «Ой елегіне өткіз»кезеңі
- Сергіту сәті
- «Жағдаяттық сұрақтар» кезеңі
- «Ойды аяқта» кезеңі (мақал-мәтелді аяқтау)
- «Құқық қорғаушы сойлейді»кезеңі
І топ «Бейбітшілік» Оқушы құқықтары
ІІ топ «Заңгерлер» Оқушы міндеттері
ІІІ топ «Ақиқат» Оқушы жауапкершілігі
Балалар талқыға қызу қатысып, ерекші белсенділік танытты. Ұйымдастырушы сайыс барысында алдына қойған мақсаттарына толық жетті. Интеллектуалды сайыс сабақ фейсбук парақшасына, сонымен қатар мектеп сайтына жүктелді.
https://m.facebook.com/story.php?story_fbid=809930426459996&id=100023291382931
Ұйымдастырушы педагог: И.Б.Омарова

