"Мектепке тағзым" акциясы аясында » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Мектепке тағзым" акциясы аясында
08
декабрь
2017

"Мектепке тағзым" акциясы аясында


Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2017-2018 оқу жылы
 «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы бойынша "Мектепке тағзым" акциясы аясында 
өткізілген іс-шаралар туралы 
Мәлімет
 
Мақсаты: 
- Қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған ,әр адамнан                             қайырымдылық алақандарынан жылулық сезімін күтетін жандардың жүректеріне жылулық сыйлау,балалардың санасына мейірімділік, қайырымдылық ұғымдарын қалыптастыру,
- Әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету, 
 Балаларды кішіпейілділікке, бауырмалдыққа баулу.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы бойынша  Өңірлік« Жан жылуы» ,
«Жылы жүрек,жомарт қол» қайрымдылық акциясы болып өтті.
Акцияға ауыл ақсақалдары,ардагер ұстаздар, ауыл әкімшілігі, ауылдың демеуші азаматтары, аудан әкімшілігі,білім бөлімінен қонақтар болып,концерттік бағдарламаны тамашалап,өздерінің ризашылықтарын білдірді.
Қазіргі таңда баланың болашағы мемлекет тарапынан да қатты назарда.
Осыған байланысты биылғы оқу жылында біздің мектептен  
15 жанұядан  35 оқушыға қыстық киім-кешек берілді.
Мектебіміздің 4сынып оқушысы Башатов Юнус биылғы жазғы демалыста күтпеген жерден қиын жағдайға тап болды. Мектеп ұжымы мен ата-аналардың атынан осы оқушыға көмек көрсетті.
Сонымен бірге мектеп ұжымының атынан көп балалы ата-аналардың балаларына да қамқорлық көресетті.
Міне осындай іс-шаралардың өтуіне біздің  мектебіміздің ұжымы да бір кісідей ат салысып,  оқушылардың мектепке келуіне қамқорлық жасауда. 
«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» аясында өткізілген
«Жылы жүрек,жомарт қол»  қайырымдылық акциясы облыстық Қазақстан Тараз телеарнасынан көрсетіліп,әлеуметтік желі "Facebook"арқылы да Республика көлеміне таратылды және облыстық  баспа "Ақ жол" газетіне,аудандық баспа  "Шу өңірі" газетіне мақала жарияланды.
 
   

     Қыркүйек айында ауданымызға танымал мектеп түлектерімен кездесу ұйымдастырылды.Ол қазіргі Мойынқұм ауданының әкімі ауылымыздың тумасы   Бақытжан Балтабекұлы Нұркеновпен кездесу еді. Тұлға мен оның табыстарға жету жолдары туралы тағылымдық-тәрбиелік мәні зор іс-шара болды.

 
"Латын әліпбиіне көшу-жаңа заман талабы" тақырыбынды 11-сыныптар арасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Латын әліпбиіне көшу туралы түлектер өз ойларын ортаға салды.
  "Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы" тақырыбында семинар болып өтті.Семинарға мектеп ұжымы қатысты.Тазабекова Б.Ә. ағылшын тілі пәні мұғалімі,Бірімкулова Ж.Т. қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Алимхожаева З.С.сөз алды.Латын әліпбиінің тиімділігі айтылды. Латын әліпбиіне көшу емес, қайта жаңғыру екендігі туралы сөз қозғалды. Бұл ұлт болып шешілетін принципті мәселе.Балаларымыздың болашағы  үшін шешім қабылдауға тиіспіз,бұл қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады.Ұстаздар тарапынан қызу талқыға түсіп,өз ойларын айтып өтті.

 
 
   Қазақстан Республикасының Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы міндеттерді  жүзеге асыру аясында латын әліпбиіне көшудің желілік кестесіне сәйкес 2017 жылдың  23 қазан күні Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде «Латын әліпбиі- xхi ғасырдың  ғылыми және білім беру  тілінің негізі» тақырыбында барлық сыныптарда  сынып сағаттары өткізілді.Осы тақырыпта 7 «ә» сыныптың сынып жетекшісі Омарова Индира өз сыныбымен ой бөлісіп латын әліпбиі мәселесі қаралып талқыланды.
      Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керектігі туралы  7 «ә» сынып оқушысы Абдуали Нұрай өз пікірін білдірді.
      Еліміздің латын әліпбиіне көшу ұлтымыздың үшін жасалған маңызды қадамдарының бірі.
Ұлы Дала елінің тарихына көз жүгіртсек,бірінші тұғырлы байлық-жер,екіншісі-тіл,үшінші-мемлекет және оның тарихы болуы керектігі айқындалғанын сынып жетекшісі Омарова И.пікірін білдірді.


 Мектеп дәстүрі бойынша мектеп бітіруші түлектер жыл сайын мектеп аллеясына ағаш отырғызады. 2000 жылдың 11 сынып түлекері де «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру » бағдарламасының аясында  «Туған мектепке тағзым»  атты  акциясын ұйымдастырып, түлектер аллеясына 1- сынып оқушыларымен бірге бірлесе отырып,әртүрлі ағаштар отырғызды.
Акцияға 1-11 сынып оқушылары қатысты.  Мектептің  ауласына  жас ағаштар отырғызылды. 
Әрбір өткен күн тарих. Осы өткен күндерге қарап мектебіміздің күннен күнге көркейіп,жаңарып келе жатқанына баршамыз куәгерміз. Бұл жаңару біздің мектебіміздің мақтанышы боларын анық.Мектебіміздің,көркейіп,жаңаруына әркім өз үлесін қосады деген ойдамыз.
Бұндай ізгі істер осымен тоқтап қалмай бұдан әріде жалғасын табады деген сенімдеміз!
 
 
 
   Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында мектепте барлық іс-шаралар жүргізілуде. Соның ішінде мектеп ішін жабыдықтау қарқынды жүруде.Мектептің кіре берісінде "Рухани жаңғыру-табысты ел болуымыздың кепілі" тақырыбында жазылған лозунг, 1-қабатта интернет желісіне  қосылған теледидар, гүлдермен көмкерілген "қысқы бақ", буккросинг,2-қабатта стендтер орналастырылып,мектеп мәжіліс залында баннер  ілініп, кітапханада бұрыштар  қойылып,әр сынып бөлмелерінде сынып бұрыштары дайындалды
 

 


Похожие публикации:

15 сентябрь 2016 Жизнь школы
18 декабрь 2020 Мектеп тарихы