Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
20
март
2020

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама

Қазақстан  Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың  2020 – 2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 988 қаулысыҚазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) бекітілсін.
2. Орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) Бағдарламаны іске асыру жөнінде шаралар қабылдасын.                                                                                                                             3. Жауапты орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де ұйымдар (келісу бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қарашадағы № 790 қаулысына сәйкес ақпарат берсін.                                                                                      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.                                         5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан
Республикасының
 Премьер-   министрі
А. Мамин

 
 




Қазақстан Республикасында білім беруді және
ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
1-бөлім. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның атауыҚазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға
арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
Әзірлеу үшін негіздеме"Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы;
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылғы 12
сәуірдегі
"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты мақаласы;
 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін бекіту туралы" Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы
 29 қарашадағы № 790 қаулысы;
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10
қаңтардағы
"Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" атты
Қазақстан халқына Жолдауы; 
 "Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын бекіту
және
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану
туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы 15 ақпандағы № 636
Жарлығы;
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 5
қазандағы
"Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру" атты
Қазақстан халқына Жолдауы;
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 21
қарашадағы
"Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласы;
 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2019 жылғы 23
қаңтардағы
Жастар жылының ашылуында және 2019 жылғы 27 ақпандағы "Nur Otan" партиясыны
ң XVIII
съезінде берген тапсырмасы;
 Қазақстан Республикасы Президентінің "Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу"
сайлауалды бағдарламасын және "Бірге" жалпыұлттық акциясы барысында алынған
ұсыныстарды іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің
2019 жылғы 19 маусымдағы № 27 Жарлығы;
 Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйектегі
"Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"
атты Қазақстан халқына Жолдауы.
Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік органҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Бағдарламаны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдарҚазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібіминистрлігі;
 Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;
 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
 
 
Бағдарламаның мақсаты
  1. Қазақстандық білім мен ғылымның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және
  2. жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаны тәрбиелеу және оқыту.
     2. Елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ғылымның үлесін арттыру.
Міндеттері
  1. Педагог кәсібінің жоғары мәртебесін қамтамасыз ету, педагогикалық білім беруді
  2. жаңғырту.
     2. Қалалық және ауылдық мектептердің, өңірлердің, оқу орындарының, білім
  3. алушылардың арасындағы білім сапасындағы алшақтықты қысқарту.
     3. Оқытудың қауіпсіз және жайлы ортасын қамтамасыз ету.
     4. Үздік практикалар негізінде білім алушылардың, педагогтердің және білім
  4. беру ұйымдарының сапасын бағалаудың жаңартылған жүйесін енгізу.
     5. Экономика қажеттіліктеріне және өңірлік ерекшеліктерге сәйкес оқытудың,
  5. кәсіптік даярлықтың сабақтастығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету.
     6. Білім алушының зияткерлік, рухани-адамгершілік және физикалық дамуын
  6. қамтамасыз ету.
     7. Білім беру ұйымдарын цифрлық инфрақұрылыммен және қазіргі заманғы
  7. материалдық-техникалық базамен жарақтандыру.
     8. Білім беруді басқару және қаржыландыру жүйесінің вертикалін енгізу.
     9. Ғылымның зияткерлік әлеуетін нығайту.
     10. Ғылыми инфрақұрылымды жаңғырту және цифрландыру.
     11. Ғылыми әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру және әлемдік ғылым
  8. и кеңістікке интеграциялануын қамтамасыз ету.
Іске асыру мерзімдері2020 – 2025 жылдар
Нысаналы индикаторлар
  1. 1-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен 85,3
  2. %,
  3. 3-6 жас аралығындағы балаларды 100 % қамту.
     2. PISA (Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (бұдан әрі – ЭЫДҰ)
  4. халықаралық зерттеуіндегі 15 жастағы қазақстандық оқушылардың нәтижелері –
  5. математика – 480 балл, оқу – 450 балл, ғылым және жаратылыстану – 490 балл.
     3. Қазақстан Республикасындағы балалардың әл-ауқаты индексі – 0,73 балл.                                                                         4. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша техникалық және кәсіптік білім
  6. беретін (бұдан әрі – ТжКБ) оқу орындарын бітіргеннен кейін бірінші жылы
  7. жұмысқа орналастырылған бітірушілердің үлесі – 75 %.
     5. Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жоғары оқу орындарын (бұдан әрі –
  8. ЖОО) бітіргеннен кейінгі бірінші жылы жұмысқа орналастырылған түлектердің
  9. үлесі –75 %.
     6. Ғылымға ЖІӨ-ден жұмсалатын шығыстардың үлесі – 1 %.
     7. Web of Science (Clarivate Analytics) және Scopus (Elsevier) платформасындағы ақпараттық ресурстардың
  10.  деректері бойынша 2018 жылы (4873 бірлік) жарияланымдардың жалпы санынан
  11. рейтингтік басылымдардағы қазақстандық жарияланымдардың өсімі – 88 %.
     8. Ғылыми-зерттеу ұйымдарының сапасы (Дүниежүзілік экономикалық форумның
  12. Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі (бұдан әрі – ДЭФ ЖБИ) – 63 орын.

 Қаржыландыру көздері және көлемі
Бағдарламаны іске асыру үшін 2020 – 2025 жылдары 11 578 млрд. теңге (республикалық
бюджет (бұдан әрі – РБ) – 9 565 млрд. теңге, (жергілікті бюджет (бұдан әрі – ЖБ) –
716 млрд. теңге, Дүниежүзілік банк (бұдан әрі – ДБ) – 13 млрд. теңге, жеке
инвестициялар – 1 284 млрд. теңге) мөлшерінде бюджет қаражаты жұмсалатын болады,
оның ішінде:
 2020 – 1 161 млрд. теңге
 2021 – 1 336 млрд. теңге
 2022 – 1 708 млрд. теңге
 2023 – 2 311 млрд. теңге
 2024 – 2 383 млрд. теңге
 2025 – 2 679 млрд. теңге
 сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат.

 
 
Бағдарламаны қаржыландыру көлемі тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттердің кіріс бөлігінің, мемлекеттік жекешелік әріптестіктің мүмкіндігіне қарай және басқа да балама көздерді тарта отырып нақтыланатын болады.2-бөлім. Кіріспе Қазақстанда білім беруді және ғылымды дамыту бойынша жүйелі шаралар кешені іске асырылуда. 2015 жылы республика өзіне Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму мақсаттарына, оның ішінде бәрін қамтитын және әділ сапалы білім беруді және баршаға арналған өмір бойы оқу мүмкіндігін ынталандыруды қамтамасыз етуді көздейтін 4-мақсатына қол жеткізу бойынша міндеттемелерді қабылдады. Оған қол жеткізу үшін әлемдегі білім беруді дамытудың негізгібағыттары айқындалды: мектепалды даярлықты қамтамасыз ету, 12 жылдық мектеп білімінің моделі, оқушылардың бойында 21 ғасыр дағдыларын дамыту, арзан және сапалы ТжКБ мен жоғары білімге тең қол жеткізу. Аталған бағыттар қазақстандық білім беру жүйесі үшін де басым болып табылады.2017 жылы Қазақстан ЭЫДҰ-ның екі бейінді комитеті – Білім беру саясаты комитеті мен Ғылыми және технологиялық саясат комитетінің қатысушысы болды, бұл қазақстандық білім жүйесі жетістіктерінің халықаралық танылғанын куәландырады. Алайда отандық білім және ғылым жүйесінде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселелер бар. Қазақстан халқының сауаттылық және құзыреттілік деңгейін бағалау әлемнің көптеген елдерінен елеулі артта қалғанын куәландырады. ЭЫДҰ-ның ересектердің (16-65 жас) құзыреттілігін халықаралық бағалау бағдарламасының (PIAAC) нәтижелері бойынша Қазақстан оқу бойынша 34-орынды, математикалық сауаттылықтан (39 елдің ішінен) 33-орынды және ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласындағы сауаттылық бойынша (36 елдің ішінен) 32-орынды иеленді. Қазақстанның нәтижелері ЭЫДҰ-ға қатысушы елдердің және Ресей Федерациясының орташа көрсеткішінен (оқу бойынша 9-орын және математикалық сауаттылық бойынша 15-орын) әлдеқайда төмен. Білім және ғылым жүйесіндегі бұл жағдай өзгермейтін болса, таяу перспективада ұлттық адами капитал одан әрі нашарлап, кәсіби кадрлардың азаюы және еліміздің экономикалық әлеуетінің төмендеуі орын алады. Үздік отандық және әлемдік практикаларға сәйкес білім және ғылым жүйесін одан әрі дамыту жөнінде шұғыл шаралар қажет. Мысалы, ЭЫДҰ-ға мүше елдер мен әріптестердің саясатына жасалған шолуға (Education Policy Outlook 2018) сәйкес білім берудегі мемлекеттік саясаттың басты назары алты салада шоғырланады: (1) теңдік және сапа, (2) білім алушыларды болашаққа дайындау, (3) білім беру ұйымдарын жақсарту, (4) бағалау жүйесі, (5) басқару және (6) қаржыландыру. Бұл ретте елдер ағымдағы даму деңгейіне және қолда бар мүмкіндіктерге байланысты өздерінің күш-жігерін аса маңызды міндеттерді шешуге бағыттайды. Көрсетілген салалар шеңберінде көптеген елдер мынадай басымдықтарды белгілейді:отбасының әлеуметтік-экономикалық мәртебесіне қарамастан білім алушылардың мүмкіндіктерін теңестіру;түлектер дағдыларының экономика талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету;педагогтердің кәсіби дамуы және жоғары мәртебесі; жұмыс берушілерді кадрлар даярлауға тарту;білім беру жүйесін және білім беру ұйымдарын бағалау;басқарудың тиімді құрылымын құру;мүдделі тараптармен қарым-қатынас құру;қаржы ресурстарын тиімді пайдалану