сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы
19
сентябрь
2019

сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы

Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы»«Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданған.

Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.

Мектепте оқушылар мен олардың ата-аналарынан, педагогтардан заңсыз ақша жинау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 2019 жылдың 29 тамыз №1 педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес, мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы» 02.09.2019 жылғы №74 бұйрығы шыққан. Бұйрықта   мектеп ішінде ата-аналардан, педагогтардан  және оқушылардан ақша жинауға, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, іс-қағаздарына заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы айтылған.