29
октябрь
2021
"Адал ұрпақ"
Төле би атындағы орта мектебінде 2021 жылдың қазан айында клуб жетекшісі Шәрәпи М., ақпарат және шығармашылық секциясының жетекшісі Баймағамбет Н. және мүшелері «Адал ұрпақ – жарқын болашақ», "Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті" тақырыбында эссе жазудан байқау ұйымдастырды. Байқауға 6-8 сынып оқушылары қатысты.
Байқаудың негізгі мақсаты жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру және насихаттау.
Оқушылар осы тақырыпты ашуда үлкен белсенділік танытты. Оқушылар сыбайлас жемқорлықты жою бойынша өз ойларын, өз көзқарастарын, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдағы рөлін білдірді. Қатысушылардың әрқайсысының жұмысы ерекше назар аударуға лайық. Жастардың іс-шараларға қатысуы жас тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады, шығармашылық қабілеттерін дамытуға көмектеседі.
Байқау нәтижесі бойынша:
1 орын-Мадыхан Қорлан
2 орын-Тоқтар Динара
3 орын-Бақберген Бақдәулет иеленді.

