қорытынды аттестаттауға дайындық 2021-2022 оқу жылы » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » қорытынды аттестаттауға дайындық 2021-2022 оқу жылы
28
март
2022

қорытынды аттестаттауға дайындық 2021-2022 оқу жылы

Төле би атындағы  орта мектебінің 2021-2022 оқу жылы бойынша қорытынды аттестаттауға  дайындық жұмысының есебі туралы  мәлімет


1. Қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы.

11 сынып оқушысын қорытынды аттестаттау бітіруші емтихан нысанында мектепте бес пәннен, оның ішінде 4 міндетті (ана тілі,екінші тіл, алгебра және анализ бастамалары, Қазақстан тарихы) және оқыту бейіні (ҚГБ және ЖМБ) ескеріле отырып 1 таңдау бойынша пәннен өтеді.

Барлық емтихандар, оның ішінде тестілеу де білім алушының өзі оқитын мектебінде өтеді.

Емтихандардың тізбесі және нысаны мынадый:

1) Ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан. Эссеге 3 астрономиялық сағат беріледі.

2) Алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтиханға 5 астрономиялық сағат беріледі. Бұл емтихан 5 тапсырмадан тұрады.

3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан (билет бойынша);

4) Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу (берілген уақыт 80 минут, барлығы 40 сұраққа 40 балл);

5) Таңдау бойынша бір пәннен(физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика пәндерінің біреуін таңдайды)тестілеу.

Екі пән бойынша тестілеу мектепте бір күнде өтеді.

 сонымен қатар МҚА – оқушылардың білім сапасы, іскерлігінің деңгейі ғана емес, болашақ мамандығына, келешек өміріне алар жолдамасы екенін, мектеп бітірушілердің алдындағы міндеттер мен жауапкершілік, адами құндылықтар туралы айтып өтті. Жасөспірімдердің қазіргі заман талабына сай болуының қажеттілігіне ата – ананың рөлі ерекше екені айтылып,  әрбір оқушының пән бойынша жетістіктері мен осал тұстарын ата – аналар да жете білуге тиіс, мектепте өтетін қосымша сабақтарға, курстарға оқушылардың үнемі қатысып отыруын ата – ана да қадағалауға міндетті екендігі ескертілді. 


Қорытынды  аттестаттау -  білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Қорытынды аттестаттау өткізу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығы негізінде мектепте Комиссия құрылды .

Комиссия құрамы төмендегі мүшелерден бекітілді:

1.М.Т.Султанова-Комиссия төрайымы;

2.Ш.К.Сыздыкбаева-Комиссия төрайымының орынбасары;

3.Ж.Сейдакметова  - ата-аналар комитетініңтөрайымыі;

4.И.Б.Омарова –география пән мұғалімі;

5.Г.Б.Арғынбаева-қазақ тілі пән мұғалімі;

6.С.В.Маслова- орыс тілі пән мұғалімі;

7.Н.Е.Зұбайділдә- математика пән мұғалімі;

8.Тазабекова Б.С.-ағылшын тілі пән мұғалімі;

9.Абдрахманова С.М.-физика пән мұғалімі;

Хатшы:  Жолдыбекова Г.М.

Мектеп жанында құрастырылған қорытынды аттестаттау өткізу үшін Комиссияның іс-шаралары жасалып, бекітілді.

Биылғы оқу жылында 11-сыныпта барлығы 51 оқушы оқып жатса, оның 26 қазақ сыныбында, 25-ы орыс сыныбында оқиды. Барлығы да МҚА қатысады.  

Қорытынды аттестаттау бойынша таңдаған пәндер:

физика /қаз.сын./-26 оқушы;

биология/орыс сын./-25 оқушы




Қорытынды  аттестаттауға   дайындық барысында  қазақ тілі пәнінен 11 сынып оқушыларынан 6 рет эссе (көлемі 250-300 сөз) алынды,орташа   білім сапа-65%. Дайындық   барысында эсселердің тақырыбын ашу барысында, аргументтер мен фактілерді келтіруде, оқушыларға біраз қиындақтар туындады .Жалпы оқушылар эссе жазу әдіс-тәсілдерін  игеріп алды, білімдері жинақталды. Қорытынды аттестаттау  дайындау нәтижесі бойынша білім сапа  65% -пән мұғалімі Н.С.Макашева .


Эссе екі бағамен бағаланады, барлық балдардың жиынтығы-10.

Орыс тілі пәнінен   6 рет эссе алынды ,  орташа білім сапа-61%. Дайындық барысында эссе жазу кезінде   жіберілген  кемшіліктер: тақырып толық ашылмаған, стилистиканы   дұрыс қолданбаған , леп белгілерін  дұрыс пайдаланбаған. Қорытынды аттестаттау нәтижесі бойынша  білім сапа 58%, пән  мұғалімі М.Т.Тусипбекова           .


Математика пәнінен  сынама жазбаша емтихандар 3 рет өткізілді. Бақылау жұмыстары 6   тапсырмадан құрылған (3А+2В+1С).

 Математика пәнінен емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.

Жыл басында алынған   бақылау жұмыстарының білім сапасы 40%   көрсетсе, екінші тоқсан аяғындағы   бақылау жұмысының   білім сапасы 45% көрсетті. Пән мұғалімдері оқушылармен  дайындық барысында логикалық есептер шығару кезінде  тиімді жолдарын үйретті. Қорытынды аттестаттауға дайындық  нәтижесі бойынша қазақ сыныптарында  білім сапа    55% , пән мұғалімі Н.Е.Зүбайділдә ,орыс сыныптарындағы білім сапа  45%-ды көрсетті, пән мұғалімі Ж.Т.Балхожаева.


Қазақстан тарихынан әр сұраққа ең жоғары -10 балл,базалық деңгейдегі жауапқа 1-6 балл, жоғары деңгейдегі жауапқа 7-10 балл.

Қазақстан тарихынан қазақ сыныптарында ауызша сынама емтихандар 4 рет өткізілді ( 30 билет, 3 сұрақтан).Білім сапа -55%.Емтихандардың нәтижесі бойынша  оқушылармен талдау жұмыстары жүргізілді, дұрыс жауаптары талқыланды.  

Қорытынды аттестаттау нәтижесі білім сапа  66%. Пән мұғалімі Г.А.Мыңжасарова .

Орыс сыныптарында да сынама  ауызша емтихан 3 рет жүргізілді , білім сапа-50%.Төмен баға алған оқушылармен жеке жұмыстар ,қосымша  сабақтарда өткен тақырыптармен қайталау жүргізілді, пән мұғалімі Р.А.Нусупова.

Таңдау пәндерінің  нәтижелері: 

Биология пәнінен орыс сыныптарында  4 рет сынама тесттілеу алынды, білім сапа-55% , 25 оқушы осы пәнді таңдаған.  Сынама тесттер бойынша  берілген тапсырмаларда  оқушыларға 2-3  дұрыс жауап   таңдаған қиындық тұғызды . Оқушылармен 6-9 сыныптардағы  тақырыптар бойынша қайталау сабақтары  және де   тематикалық тапсырмалармен  жұмыстар жүргізілді. Пән мұғалімі Л.М.Василевская.


Орыс сыныптарындағы қазақ тілі пәнінен сынама тесттілеу 4 рет жүргізілді, білім сапа-65%.Пән мұғалімдері тарапынан    үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұратын тест   құрастырып ,яғни аталған тест бойынша дайындық  жұмыстары  оқушылармен    жоғары деңгейде  жүргізілген.  Пән мұғалімдері Ш.Мейрманова ,Д.Куандыкова.


 Қазақ   сыныптарындағы орыс тілі пәнінен сынама тесттілеу 3 рет жүргізілді, білім сапа-55%.Пән мұғалімі өз  тарапынан    үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұратын тест   құрастырып , аталған тест  бойынша дайындық  жұмыстары   оқушылармен   үнемі.Пән мұғалімі Төребаев Т.Н., М.Т.Тусипбекова.


Физика пәнін  таңдаған 26 оқушы, сынама тесттілеу 4 рет өткізілді , бірінші сынама тесттің білім сапасы 40% көрсетті , кейінгі  сынама тестердің  білім сапасы 55%-ға көтерілді.. Дайындық жұмыстар дұрыс жүргізілді. Пән мұғалімі  С.М.Абдрахманова



Қорытынды: Қорытынды   аттесаттаудың нәтижесі   жақсы   нәтижеге  жетудің  ең   негізгі  жолы - оқушы  белсенділігі. Пән мұғалімдері әр эсседен,   сынама тесттен кейін оқушылардың жіберген қателіктерімен жұмыс жасап, сұрақтарды талдайды. Оқушы мұндай жағдайда өзінің мүмкіндіктерін, қол жеткен табыстарын өзгелермен  салыстыра отырып, саралап, белсенділіктері артып, алға  ұмтыла  түсері   сөзсіз. Осы бағыттағы жұмыстарды атқаруда оқушы, мұғалім, ата-ана үштігі бірлесіп  жұмыс   атқарса  нәтижелі  болады.

Ұсыныс:

1.  «Орта ,техникалық және кәсіптік, орта біліммен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды ,оларды аралық және қорытынды аттестатауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бұйрық басшылыққа алынсын;

2. 2021-2022 оқу жылына арналған  мемлекеттік Қорытынды аттестаттауға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру іс-шараларының жоспарына сай жұмыстары жүргізілсін;

3. Пән мұғалімдерінің   Қорытынды аттестаттау бойынша   дайындық жұмыстары күшейтілсін.


Дайындаған:  Сыздыкбаева Ш.К.