қыздармен жұмыс » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
февраль
2021

қыздармен жұмыс

 Төле би атындағы орта мектебінің Тəрбие жоспарына сәйкес қаңтар айының 29 жұлдызында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.М.Истибаеваның ұйымдастыруымен 9 сынып  қыздарымен барлық санитарлық нормалар сақтала отырып «Қыздарды зорлық-зомбылық және мәжбүрлі некеден қорғау,  некеге отыру жасы туралы түсінік" атты қыздар жиналысы өткізілді. 
Мақсаты: Әлемде, жалпы елімізде болып жатқан келеңсіз оқиғалардың алдын алу және қыз балалар арасында кездесетін зорлық зомбылық және мәжбүрлі некеден қорғау, некеге отыру жасы туралы түсінік бере отырып, ерте жасатағы жүктіліктің денсаулыққа зиян екендігін түсіндіре отырып, қызбала тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлуге ақыл кеңес беру.
    Мектептің ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева «Некеге отыру жасы туралы түсінік» тақырыбында баяндама оқып, Қазақстан Республиквсының Неке және отбасына арналған заңдары туралы түсінік бере отырып, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында дәріс өткізді.
Мектептің қыздар кеңесінің жетекшісі А.Ақжолова тақырыпқа сәйкес пікір талас сайыс  жүргізді, 9 сынып оқушылары өз пікірлерін айтып, өз ойларын ортаға салды. Мектеп медбикесі М.Е.Жасузакова "Ерте жастағы некенің зардабы" туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Мектеп психологы Е.Турыскулова оқушылармен психологиялық тренинг өткізіп, оқушы қыздардың әдеп сақтауы бойынша кеңестер берді.
Қорыта келгенде, қыз-болашақ ана, бір әулеттің болашақ келіні атанатындығын санасына сіңіріп, оған үлкен жауапкершілік пен міндет жүктелетіндігін айтып отыру керек. «Бүгінгі қыз-ертеңгі болашақ ана.»