Ардагер ұстаздарды құттықтау » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
02
октябрь
2021

Ардагер ұстаздарды құттықтау

1-Қазан - қарттар күні мерекесі құтты болсын!
Үлкенді сыйлау мен оларға құрмет көрсету – ата-бабадан келе жатқан салтымыз. Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыздың біз үшін орны бөлек. Себебі, әрқайсыларыңыздың аудан, облыстың өсіп - өркендеуіне қосқан үлестеріңіз бен еңбектеріңіз ерен. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Бүгін, еңбектеріңіздің зейнетін көріп отырған шақта да Сіздер ұрпақтарыңызға игілік пен ізгіліктің, пайым - парасаттың үлгісін танытудан жалыққан емессіздер.
ҚОНАЕВ АУЫЛЫ, ТӨЛЕ БИ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІМІЗДЕ ҰСТАЗДЫҚ ҚЫЗМЕТ АТҚАРҒАН,  БҮГІНГІ КҮНІ БЕЙНЕТІНІҢ ЗЕЙНЕТІН КӨРІП ОТЫРҒАН 32 АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ҚҰТТЫҚТАУҒА ӘР СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫ МЕН ҰСТАЗДАРЫ ҮЙЛЕРІНЕ БАРДЫ. АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗ ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ ЕСТЕЛІК ӘҢГІМЕЛЕРІН АЙТЫП, РИЗАШЫЛЫҚТАРЫН БІЛДІРДІ.
БАРЛЫҚ АРДАГЕР ҰСТАЗДАРЫМЫЗДЫ МЕРЕКЕЛЕРІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!