24
ноябрь
2021
«Зорлық зомбылықсыз балалық шақ»
Төле би атындағы орта мектебінде Республикалық «Зорлық зомбылықсыз балалық шақ» - атты науқанының, "Бала құқығы – адам құқығы» акциясы аясында, «Қыз Жібек» қыздар клубының жетекшісі А.Ақжолованың ұйымдастыруымен 8 сыныптар арасында қыздар жиналысы өтті. Жиналыс тренинг түрінде ұйымдастырылды, тақырыбы «Нәзік жандылардың қоғамдағы орны». Аталған тақырып жан жақты талқыланып, қыздарға нақыл сөздер, ақыл кеңестер, қыздардың қоғамдағы орны және олардың құқықтары туралы айтылды. Сонымен қатар ДТІЖО М.Истибаева қыздарға ақыл кеңес беріп, қыздармен сырласты. 8 сынып қыздарына жиналыс барысында талқыға түскен тақырып қатты ұнады, осындай жиналыстарды жиі өткізу туралы ұсыныстар айтылды.



