"Жыныстық қол сұғылмаушылық" » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
май
2023

"Жыныстық қол сұғылмаушылық"

Дінмұхамед Қонаев орта мектебінің "Facebook" парақшасында және "WhatsApp" ата-аналар чатына

"Жыныстық қол сұғылмаушылық" тақырыбында балаларға жыныстық қауіпсіздік ережелерін үйрету  жарияланды.

Жыныстық қол сұғылмаушылық – адамды кез келген құқыққа қарсы сексуалды қол сұғушылықтан қорғайтын және қылмыстық заңмен қорғалатын жеке қол сұғылмаушылықтың бір бөлігі.
Жыныстық тәрбие, ең алдымен балаларды өз денсаулығын сақтауға үйретеді.
Жан-жақты жыныстық ағарту жұмысы адам денесінің дамуы, адамдар арасындағы құрмет, жыныстық жетілу, дұрыс қарым-қатынас туралы білімді қамтиды. Уақытылы дайындалған бала оған қатысты сексуалдық зорлықты тануға мүмкіндігі бар және ол туралы ересектерге айту үшін қажетті сөз қоры болады.
Балаларға жыныстық қауіпсіздік ережелерін үйрету:
№1 ереже. «Менің денем – менікі және тек менікі!». Балада оның денесі – тек қана өзінікі, оны тек өзі ғана басқара алады деген түсінікті қалыптастыру.
№2 ереже. Бала сенуге болатын ересек адамдардың барын білуі тиіс.
Балаға ол қандай да бір жағдайда сырын айтуға болатын адамдардың бар екенін айтыңыз. Бұл адамдар кінәламайды, керісінше, олар баланы тыңдайды және оған не айтса да сенеді.
№3 ереже. Бала жыныстық қысым көрсету немесе шекараны бұзу болып жатқанын анықтауға болатын белгілерді білуі керек.
Баланың басынан өткерген жарақаты ең алдымен тән арқылы көрінеді, бірақ балалар көбінесе денелерімен не болып жатқанын және түсініксіз сезімдерді сезінетінін түсінбейді. Терлеу, жүрек айну, жүрек соғысы немесе қалтырау мазасыздық немесе ыңғайсыздықтың белгілері болуы мүмкін екенін айту керек.
№4 ереже. «Егер ол жағдайдан жайсыз сезінетін болсам, мен ешқашан құпияны сақтамаймын. Егер біреу бұл құпияны сақтауды өтінсе, ал ол маған ұнамаса, мен бұл туралы сенетін адамыма айтамын».
Сексуалдық зорлықшы өз құрбандарынан болған жағдайды құпияда ұстау туралы ант алады. Сондықтан балаларға ешқандай және ешқашан құпияны сақтауға міндетті емес екенін түсіндіру маңызды.
№5 ереже. Бала дененің интимдік бөліктері өте жеке нәрсе екенін білуі керек. Ол мұны неғұрлым тезірек білсе, соғұрлым жақсы.
Дененің интимдік бөліктері туралы сөйлесуді мүмкіндігінше ертерек бастау керек. Өзіңізді сенімді және ересек адам ретінде ұстаңыз, балаларға интимдік органдар ұят нәрсе емес екенін түсіндіріңіз. Әрине, балалар өз дене мүшелерінің өздеріне тиесілі екенін білуі керек.
Ата- аналарға арналған ұсынымдар:
«Кәмелетке толмағандардың зорлық-зомбылықтан қалайша құтылуына болады»
1. балаға көшеде немесе үйде жалғыз қалғанда мінез-құлық ережелерін түсіндіріңіз;
2. егер балада жақын тұрған адамға қатысты күмән пайда болса, бұл адамнан аулақ кету және бұл адамды алға өткізу керек;
3. өзінің сырларын бөлісе алатындай бала үшін дос болу;
4. таныстар, туыстар тарапынан оған қатысты жасалған зорлық-зомбылық туралы әңгімені байыпты қабылдау;
5. балалардың достарымен және олардың ата-аналарымен қарым-қатынас орнату;
6. баланы жалғыз көшеге жібермеу (бала достарымен бірге жүргенде, қылмыс жасау мүмкіндігі төмендейді);
7. ата-ана баланың теледидарда қандай бағдарламаларды, сексуалдық және зорлық-зомбылық көріністерін көруді, Интернет арқылы педофилмен тілдесу мүмкіндігін болдырмау үшін Интернетте қандай сайттарға кіретіндігін білуі керек ( АҚ «Ата-ана бақылауы» қызметін қосу мүмкіндіктері);
8. баланың интернетте өткізетін уақытын бақылау керек, сіздің балаңыз желіде кіммен байланысатыны туралы хабардар болу керек.
Сіздің балаңызға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында мектепте тәрбиешімен, мұғалімдермен, психологпен байланыс орнатыңыз.