07
декабрь
2018
ата -аналар семинары
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2018-2019 оқу жылы
Қараша айының басында Қонаев ауылы, Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде Попечительский совет мүшелері, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері және ата-аналармен бірлескен «Баланың мектепте және шынайы өмірде жетістікке жетуіндегі ата-ананың құқықтық жауапкершілігі» тақырыбында семинар кеңес болып өтті.
Семинарда сөз алған АПБ бастығының міндетін уақытша атқарушы А.Қ.Өтегенов , АББ әдіскері Н.Н.Бекбауов, Попечительский советінің мушесі Б.Ж.Досымбеков, мектеп директоры М.Т.Султанова жеткіншектердің білім алуымен бірге саналы тәрбие алуы ең біріншіден тікелей ата-анаға байланысты екенін тілге тиек етті.
Кеңеске келген асқар таудай әкелер, бауырына алған жасыл құрақ балаларының тәрбиесіне жауапты екендігін сезінді.
Семинарда көтерілген мәселелердің бірі некеге тұру жасы туралы болды. Осы сұрақ бойынша Шу ауданының полиция бөлімі бастығының міндетін уақытша атқарушы Ж.Қ.Өтегенов түсіндіру жумысын жүргізіп құқықтық дәріс өткізді.
Семинар соңын қорытындылаған АББ әдіскері Н.Н:Бекбауов ата-ана- бала- мұғалім үштік одақтың бірлігі бар жерде, балалар шынайы өмірде көптеген белестерді бағындырары сөзсіз екенін, әр ата-ана бала үшін тірек, ал бала жеке бір тұлға екенін естен шығармауды тиянақтады.
Орындаған: ДҚТІЖО А.Д.Джуаспаева