01
июнь
2023
Соңғы қоңырау
Құрметті ұстаздар, түлектер, ата-аналар,қонақтар ! Ең алдымен барлығыңызға бүгінгі « Болашаққа бастар жол» атты мерекелік іс-шараға қош келдіңіздер! Құрметті жас түлектер! Сіздер үлкен өмірге қанат қаққалы тұрсыңдар. Бүгін мектепті тамамдап отырсыздар, саналы тәрбие мен терең білім алып, болашаққа аттанып бара жатырсыңдар! Сендер үшін бүгінгі қағылар соңғы қоңырау үні балдәурен балалықтарыңның артта қалып, жауапкершілігі мол азаматтық биікке көтерілгендіктеріңнің ескертпесі сияқты. Құрметті түлектер! Сіздер өмір бойы өсірген, оқытып, тәрбиелеген ұстаздарыңыздың, ата-аналарыңыздың сіңірген ұшан теңіз еңбектерін жүректеріңізде ерекше құрметпен сақтап өтеді деп сенемін. Алда тұрған мемлекеттік аттестациядан, Ұлттық бірыңғай тестілеуде алған білімдеріңді сапалы көрсетіп, таңдаған мамандықтарыңа оқуға түсулеріңе тілектеспіз! Сәт сапар, Жас түлектер! Биылғы 2022-2023 оқу жылында мектеп оқушылары түрлі республикалық ,облыстық, аудандық жарыстарға ,интернет арқылы қашықтықтан өтетін олимпиадаға қатып әртүрлі жетістіктерге жетіп жүр. Мектептің жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі шығармашылық жұмысы жыл сайын өз нәтижесін беріп келеді. Республикалық «Мың бала» олимпиадасының 2 мәрте, жеңімпазы болып Сағындық Ермурат атанды. Облыстық «Туған жердің тасы да ыстық» ғылыми жобалар байқауына Ахмолдаева Жасмин қатысып ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.(жектешісі Мыңжасарова Гулсим Алмахановна ) Облыстық "Жарқын болашақ" қазақ тілі пәні олимпиадасынан Османова Нейля 3дәрежелі дипломмен марапатталды (жетекшісі Құтыбек Гульназ Ориковна ), Облыстық “Өлең-сөздің патшасы» “Авторлық жұмыстар” номинациясы бойынша Алдасүгір Әділет бас жүлдеге ие болды (жетекшісі Шәрәпи Малика Асқарқызы) Облыстық Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай "Ұлы дала елі" байқауында Мурат Айелун жүлделі І орынға ие болды( жетекшісі Рахимбаева Асель Асылбековна ) 8 сынып оқушысы Жарылғап Клара Bilim opkenieti ұйымының ұйымдастыруымен өткізген байқауында «Жылдың үздік дарынды оқушысы » атанды(жетекшісі Мамбетова Роза Алпысовна) Облыстық «Bestвидео туған өлке» үздік контент Туғанбай Аяжан , ІІ орын (жет. Қиғамбек Нұрбек Тоқтағұлұлы) 3-4 сынып оқушылары арасындағы республикалық «Балалар оқулары» байқауы , 1-6 сынып оқушыларының арасындағы «Табиғат сырлары» ертегілер байқауларының облыстық кезеңінде Серік Жанерке ІІІдәрежелі дипломмен марапатталды, Аудандық «Алтын сақа» олимпиадасының жеңімпазы Шакман Бексұлтан , аудандық «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» шығарма байқауында Омарова Жасмин ІІІ дәрежелі дипломға ие болды ( жетекшісі Айтмырзаева Шакизат Романқызы) Республикалық «Зерде» зерттеу жобасының аудандық кезеңінде Сафарова Азиза ІІІ орын (жетекшісі Абидова Ляля Мустафаевна ) Республикалық жалпы білім беретін пәндер бойынша аудандық кезеңнің жеңімпаздары Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша «9 сынып оқушысы Дүйсенбай Фариза (жетекшісі Макашева Нұрзия Сағындыққызы) 9сынып оқушысы Папаладзе Жадыра (жетекшісі Ибраева Акбота Сейтжановна 11сынып оқушысы Айрих Олеся (жетекшісі Мейрманова Шолпан Сагимбаевна ) 10 сынып оқушысы Османов Нейля (жетекшісі Құтыбек Гульназ Өрікқызы) Биология пәні бойынша 11сынып оқушысы Бороздина Ольга (жетекшісі Василевская Лариса Михайловна) Құқықтану пәні бойынша Серік Дәулет ( . Жетекшісі Камалова Ұлшат Халылақызы) Орыс тілі пәнінен 11сынып оқушысы Карпова Виктория (жетекшісі Буланова Наталья Викторовна ) Химия пәнінен Жаңбырбай Лазира (жетекшісі Кумгельдиева Жамал Кумгелдиевна ) 5-6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық пәндік олимпиаданың аудандық кезеңінің жеңімпаздары Сағындық Ермұрат ,(жетекшісі , Нусипбекова Мөлдір.) Әділханқожа Ханифа ( мұғалімі Шәрәпи Малика) Баужанова Милана «Мұхтар мұрасы-адамзат қазынасы» Эссе жазу байқауы 3 орын (жетекшісі Ибраева Акбота Сейтжановна ), Баянбай Әсел Мағжан оқулары «Ақын да бір бала ғой айға ұмтылған» бөлімі бойынша 2орын, «Дана тұлға-Д.Қонаев» ақындар мүшәйрасы бойынша 2орынға ие болды (жеткешісі Рахманова Гаухар Амантаевна ), «Дара тұлға ізімен...» тақырыбындағы сырттай эссе жазудан Бахберген Толғанай І орын , Манас Жансая «Табиғат сырлары» тақырыбындағы ертегілер байқауында 2орын , Алдасүгір Әділет “Бауыржан оқулары” “Томаға киген тау бүркіт” бағыты бойынша жас ақындар байқауында 2орын (жетекшісі Шәрәпи Малика ), Дүйсенбай Фариза « Кітап оқитын мектеп» байқауы 3орын, Қ.Бітібаева атындағы пән олимпиадасы 2орынға ие болды (жет.Макашева Нұрзия Сағындыққызы), Ербол Меруерт М.Мақатев «Жыр эстафетасы» 3орын , Қ Бітібаева атындағы пән олимпиадасы, Жаңырбай Лазира 2орынға ие болды (жет. Рахымбаева Асель Асылбековна ) Аудандық «ҮІІ Шерхан Муртаза оқулары» байқауында 9 сынып оқушысы Нысанбай Айсулу ІІІдәрежелі диплом, Жапсарқұл Айғаным «Ұлы дала елі» форумында І дәрежелі дипломға ие болды (жетекшісі : Құтыбек Асел Орикызы) Мектебіміздің 56 оқушысы «Ханталапай» олимпиадасының жеңімпазы, «Ақбота олимпиадасында 65 оқушы жұлделі орындарға ие болды. 50 оқушы ` «Русский медвежонок» , 25 оқушы «Золотое руно» жеңімпазы атанды . Спорттық жарыстарға мектебіміздің оқушылары аудандық, облыстық жарыстарға қатысып жүлделі орындарға ие болды .Облыстық футболдан ұлдар командасы жүлделі ІІ орынға (жетекшілері Жылқыбаев Қайрат Нұрланұлы,Ерболатов Медет Ерболатұлы,), баскетболдан ұлдар командалары жүлделі І,ІІІ орындарға ие болды( жетекшісі Ахат Анвар Пайзуллаұлы), Волейбол /9-11 сынып қыздар командасы І,ІІ орын / (жетекшілері :Мамедова Рушана Муталиковна, Алжанов Рауан Амирабекович) Биылғы оқу жылында ұстаздарымызда байқауларға қатысып жұлделі орындарға ие болды . Облыстық «Туған жердің тасы да ыстық» ғылыми жобалар байқауында Мыңжасарова Гулсин Альмаханқызы үздік жетекші атанып ,алғыс хатпен марапатталды. Республикалық «Жарқын болашақ» қазақ тілі олимпиадасының облыстық кезеңінде «Жас қаламгер «байқауының жеңімпазын дайындағаны үшін, Құтыбек Гулназ Ориковна Жамбыл облысы білім басқармасының Алғыс хатымен марапатталды Облыстық тарих пәні бойынша «Лучший ҚМЖ құрастыру» байқауында Мамбетова Роза Алпысовна І орынға ие болды. Облыстық«Жаратылыстану» пәні бойынша «Лучший ашық сабақ» байқауында Омарова Индира ІІ орынға ие болды. Аудандық «Лучший сабақ жоспары» байқауында тарих пәні мұғалімдері Мыңжасарова Гулсим Алмахановна ІІ дәрежелі диплом , Сартолова Дамира Медетхановна ІІІдәрежелі дипломмен марапатталды. Аудандық педагогтар арасында өткен «Педагогикалық идеялар фестивалі» конкурсының «Шеберлік палитрасы» бағыты бойынша Арғынбаева гулжазира Баянқызы ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Аудандық «Дарынды балаға талантты ұстаз» байқауында Құттыбек Гулназ І дәрежелі дипломмен мараптталды. Аудандық «Жаңа мектепке –жаңа ұстаз байқауында» жас маман Қиғамбек Нұрбек Тоқтағұл ұлы ІІІ орынға ие болды Аудандық «Бағалау –сапалы оқытудың кепілі» тақырыбындағы семинар практикумда тәжірибелерімен бөліскені үшін Жолдыбекова Гулбану Мухтаровна,Андабаева Тоғжан Амангельдиевна,Абуева Ляззат Тургановна, Тазабекова Булбул Сагадилдаевна , Арғынбаева Гулжазира Баяновна сертификатқа ие болды.