Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
2019-2020 оқу жылы
«Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы» бойынша жүргізілген жұмысы туралы мәлімет
«Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығынының» мақсаты:
0-18 жас балаларын есепке алу, оқушылардың қол үзуіне жол берілмеуін қадағалау , көп балалы және аз қамсыздандырылған отбасы балалары үшін ыстық тамақпен және қоғамдық тамақпен қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасының «Білім Заңының» 1-ші тарау 6 баптағы 3-ші тармақтың 2- тармақшасы ,1-ші тарау 8 баптағы 2-тармағы және 2019-2020 оқу жылдық жоспарының орындалуының мақсатында мектепте іс-шаралар жоспары құрылды және бекітілді, ЖБББ штаб отырыстары жоспар бойынша өткізіледі.
Шу ауданы әкімдігініңт білім бөлімінің 19.08. 2019 жылғы № 467 бұйрығын орындау мақсатында: 2019 жылдың 20.08. №45-н/қ бұйрығы бойынша учаскелерге мұғалімдер бекітілген. 0-ден 18 жасқа дейінгі балалардың есебі 25 мұғалімнің жеке сызбаларында, компьютер есінде жүргізілді.Қонаев ауылы бойынша 23 ықшам аудан бар /11 көше, 12 бұрылыс/ ,барлық 1169 домараланып, оқумен қамтылмаған балалар анықталған жоқ.Ықшам аудандардың ауылдық округіне сәйкес келетін картасы жасалынып, бекітілген .
Есеп беру «Мектепке дейінгі жастағы және мектеп жасындағы балалар орта білім алғанға дейін оларды есепке алуды ұйымдастыру қағидаларына» бойынша жүргізілді.
2019-2020 оқу жылының желтоқсан айында мектеп оқушылар саны -1220 , 1 сыныптарда -136 оқушы.
I жартыжылдықта келген оқушылар саны 22, оның ішінде: аудан-9 ,облыс -3, республика -2,басқа мемлекеттен-4,колледжден-4;
Кеткен оқушылар -23, оның ішінде: аудан-10 , облыс-2, республика-3 ,басқа мемлекет-7,кешкі мектепке-1.
Оқу жылының басынан осы күнге дейін оқумен қамтамасыз етілетін балаларды есепке алу мақсатында, Қонаев ауылының ықшам аудандарын бақылау мақсатында рет 2 аралау өткізілді. Желтоқсан айындағы есепке алу бойынша – 2033 бала тіркелді.
Оқымайтыны – 2 бала (денсаулығына байланысты).
Соңғы 2 оқу жылының салыстыруы бойынша Қонаев ауылында 0-18 жасқа дейінгі балалардың есепке алынуы 10 балаға көбейген , ал өткен тамыз айындағы есеп бойынша 2033 бала болса , казір желтоқсан айында да 2033 бала .
Әр үйге арналған өзіндік дәптер-құжатына 0-18 жас аралығында мөлтек ауданда тұратын балалардың тізімін жазылған. Дәптерге мөлтек аудандағы үйлерді қай күні аралағаны, сол үйге жауапты мұғалімнің аты-жөні, түрлі өзгерген мәліметтер көрсетілген. Қазіргі тұрғылықты немесе бұрын тұрған, жаңа көшіп келген адамдардың баласының аты, тегі, ұлты, жынысы, туған күні, оқу орны , қай кезден бастап тұрып жатқаны жазылады. Оқу жылында мөлтек ауданды 4 рет толық бақылау (тамыз, желтоқсан, наурыз, маусым айларында) жүргізіледі. Бақылау қорытындылары бойынша балалардың оқу орындары туралы мәліметі аудан мектептерінде расталады.
Шағын аудандардағы балаларды оқуға түгел қамту мақсатында қосымша рейдтер өткізіліп,өзара тексерулер жүргізілді.Мектеп аймағындағы 0-18 жас аралығындағы балалар есебі компьтерге толық енгізілді.Туған жылдары бойынша тізімге өзгерістер енгізілді.Балалар есебі яғни форма №1форма, №2 жасалынды. Оқушылардың күнделікті сабаққа қатысу деңгейін бақылау мақсатында арнаулы тексеру дәптері бойынша есебі жүргізіліп отырады. Жалпы міндетті орта білім беру жүйесін жүргізу үшін жалпы білім беру штабы құрылған.Орындалған іс-шаралардың әр айдағы хаттамасы жазылып отыр.
Мөлтек ауданындағы балалардың санының салыстырмалы талдауы
Жылы | Балалардың саны | Мектепке дейінгі мекемелердегі балалар саны | Мектепте оқитын балалар саны |
2017-2018 | 2023 | 200 | 1152 |
2018-2019 | 2047 | 195 | 1210 |
2019-2020 | 2033 | 195 | 1220 |
Қонаев ауылындағы 5, 6 жасар балалардың тізімдері нақтыланып, оларды мектепалды даярлық сыныптарына және 1-ші сыныптарға қабылдауға дайындық жұмыстары жүргізілді.
Төле би орта мектептегі мектепалды даярлық топтарды жеке топтастыру
Оқу жылы | 2017-2018 | 2018-2019 | 2019-2020 |
Бала саны | 50топ-95 | 4 топ-93 | 4 топ-90 |
Шағын учаскедегі 0-ден 17 жасқа дейінгі балалар санының соңғы
3 жылдағы салыстыруы.
Оқу жылдары | Шағын учаске бойынша 0-18 жасқа дейінгі балалар саны |
2017-2018 | 2023 |
2018-2019 | 2047 |
2019-2020 | 2033 |
2018-2019 оқу жылының тамыз айынан бастап ЖБББ штабымен 5 отырыс өткізілді. Жоспарлауға сәйкес, Штаб отырыстарында әртүрлі сұрақтар қарастырылды. Жеке оқушылардың сабаққа кешігіп келүіне үлкен көңіл бөлінді, оқушылардың оқулықпен қамтылуы да назардан тыс қалмады. Біздің мектеп психологтарымен қиын балалармен жұмыс бойынша мектеп тәртібін бұзуға бейім, сабақтан қалатын оқушыларды анықтау мақсатында арнайы жоспар құрылған және олармен келешектегі жүргізілетін жұмыс. Төле би орта мектептің ықшам аудандарында тұратын және оқумен қамтамасыз етілетін балаларды есепке алу жұмысын тексеру барысында, оқумен қамтылмаған балалар анықталған жоқ.
Жоспарға сәйкес, айлық барысында мұғалімдер өздеріне бекітілген үйлерді аралап, оқушыларға берілген мәліметтерге өзгерістер енгізді, кеткен, келген балаларды ескерді. Алынған өзгерістер мәліметтер негізіне кіргізілді. Мәліметтер үйге жауапты әр мұғаліммен бірге жеке салыстырылып тексерілді.Өз мектебіміздің контингенті мәліметтер негізімен сәйкестіріле тексеру жүргізілді. Ықшам аудандарда тұратын 0-ден 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерді есепке алу мәліметтері бойынша, балалардың жалпы саны- 2033 баланы құрайды. Ф1-есебі бойынша: оның ішінде өз мектебімізде –1220 оқушы оқиды, 0-6 жас аралығында бала саны- 633, басқа мектептерде-6, 2-уі денсаулығына байланысты оқуға жарамайды, колледждерде- 67, кешкі мектепте-39 , үйде отырған балалар саны-495, балабақшада-195 бала, мөлтекаудан бойынша денсаулығына байланысты 19 бала үйде оқытылады.
Ықшам аудандарды аралау кезінде төмендегідей кемшіліктер болады: кейбір көшіп келген отбасылардың тұрақты мекен-жайларының болмағандығы, отбасының әлеуметтік жағдайына байланысты.
Ықшам аудандарды аралау кезінде жасалынған есептің нақтылығы, жауапты адамдардың есепті дұрыс жасағаны, уақытымен есеп беруі бақылауға алынған.
Ұсыныс:
1.« Жалпыға бірдей міндетті оқумен қамту айлығы» 0-18 жас есебі есепке алынсын.
2.Ықшам аудандарды аралау кезінде жасалынған есептің нақтылығы, жауапты адамдардың есепті дұрыс жасағаны, уақытымен есеп беруі қатаң қадағалауда жүргізілсін.
Дайындаған:Ш.К.Сыздыкбаева