"Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
» » "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!"
12
ноябрь
2020

"Қазақстан балалары - күзгі интерактив!"

Төле би атындағы орта мектебі "Қазақстан балалары - күзгі интерактив!" 2020-2021 оқу жылында күзгі каникул кезінде балалардың демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру бойынша 6 қараша күні мектеп кітапханашыларының ұйымдастыруымен «Кітаптар әлемінде» атты тақырыпта онлайн нысанда кездесу өткізілді. 
Онлайн кездесудің мақсаты – мектеп оқушыларын әдеби кітаптарды оқуға баулу және өскелен ұрпақты қазақ халықының әдеби жауһарларын дәріптеп, қастерлеуге бағытталған. 
Адамзаттың ұлы байлығының бірі – кітап. Ол – адамның көп ғасырлық ақыл-ойының жемісі. Кітапты талғап та таңдап оқи алу, оны терең түсіну, содан алған әсерді қажетке жарату – әркімнің білік-білімін, пайым-парасатын айқындайтын алғышарттардың бірі де бірегейі. Кітап – қазына және оқырманның асып-тасымайтын асыл досы. Өйткені, онымен шын «дос» болған кісінің ой-өрісі кең, сөз мәдениеті жоғары болары сөзсіз. Кез келген елдің тарихын, жүріп өткен жолын баян ететін де сол кітап.