01
декабрь
2018
«Елбасы – ел тірегі» мерекелік кеш сценариі
«Елбасы – ел тірегі» мерекелік кеш сценариі.
Мақсаты:
а)
Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін таныту.
ә) Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге
танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін меңгеру.
б) Елін сүйген, елі сүйген Елбасынан үлгі алуға тәрбиелеу.
<!-- [if !supportLineBreakNewLine] --> ФОН: Күй
1-Жүргізуші:
Бар
әлемге шын танылдық міне, біз,
Елін сүйген Елбасы деп білеміз.
Тең аталып Қазақстан - Нұрсұлтан
Нұрсұлтан мен Қазақстан тұр егіз.
Күнге беттеп бара жатыр көш жүріп,
Елдің даңқы бар жаһанға естіліп.
Елбасыны құрметтейтін ерекше
Армысыздар, ақ пейілді көпшілік!
2-Жүргізуші: Армысыздар, қадірменді қонақтар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! 1 - желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған концерттік бағдарламаға қош келдіңіздер! Қазақстан халқының тойы, мемлекетіміздің
мерейлі мерекесі құтты болсын!
Ардақты ұстаздар! 1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет
Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз
тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан –
мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.
1-Жүргізуші :Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш -рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс- шараға айналуға орны бар екенін шынайы сезіммен айтып өтуге тура келеді. Биыл міне, тағы да осы мерекені 6 шы жыл тойлағалы отырмыз.
Ендеше барша қазақстандықтарды мерекелерімен құттықтай отырып, . «Тұңғыш Президентіміздің өмір жолы» туралы бейнероликке көз жүгіртейік...Экранға назар аударайық.
Келесі кезекті Қонаев ауылының кітапханашысы Үркерова Жаңыл Қуандыққызына берейік. Елбасы туралы оқулықтарға библиографиялық шолу.
Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты құттықтау сөз мектеп директоры Султанова Махаббат
Тулегеновнаға және Қонаев ауылы әкімінің орынбасары Нетаев Талғат
Абжановичке беріледі.
2-Жүргізуші:
Бір
басында кемеңгерлік, даналық,
Елін сүйген елі үшін жаралып.
Сол кісідей болса - болсын әр алып
Адамдықтың аласармас үлгісі
Бір өзінен жатқаны шын таралып
Бүгін Тұңғыш Президенттің күніне
Әсем әнді шырқата бір салалық!
Ән: «Мен қазақпын! » орындайтын
8 сынып оқушысы Нұрел
Қыдырәлі
1-Жүргізуші:
Қазақстан дейтін менің бар елім.
Жатыр алып жарты дүние әлемін!
Бұл даланы анам жаспен суарған,
Бұл далада атам қолға ту алған,
Бұл далада жылап келіп, уанған
Бұл даланы көріп алғаш қуанған
Бұл далада өскен жанда жоқ арман!- дей келе
Келесі кезекті мектебіміздің 2 сынып оқушылары дайындаған ҚАЗАҚ БИІНЕ берелік.
2-Жүргізуші:
Ауыр
күнді артымызға тастауы –
Қиын сәтте қиындықтан қашпауы.
Тілім, дінім, ұлтым қайта көгерген,
Елбасымыз Нұрағаңның бастауы
Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,
биік болмысын, кемел дарынын, ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі
ұрпақ біздер жақсы білуіміз керек.
Құрметті ұстаздар! Өзіміздің жерлесіміз
Әбдімомын Желдібав атамыздың күйі «Ерке сылқымды» 8сынып оқушылары Тұрдан
Нұрхат пен Тәжікен Жүсіптің орындауында қабыл алыңыздар.
1-Жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!- дей отырып, 8 сынып оқушысы Глухова Марияны «Я приеду в Казахстан» әнімен ортаға
шақырайық.Қарсы алыңыздар!
2 – жүргізуші: Еліміз бар, жеріміз бар,
Жер астында кеніміз бар.
Халқымыз да көп ұлтты,
Бүгінде олар бақытты.
Ендеше келесі тамашалайтындарыңыз түрік халқының қыздар биі.
2- жүргізуші: Ел тынысын тереңінен танып кең,
Шарапаты бар адамға дарып тең.
Елбасының есімі бұл тарихта
Қалар анық өшпес алтын әріппен.
Ән «Сарыжайлау»
орындайтын 8 сынып оқушысы Тәжікен Жүсіп
1- жүргізуші:
Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегесі, еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары,
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі
Қадірменді ұстаздар! Сахнада мың бұралған 8 сынып биші
қыздарының қазақ биіне кезек берейік.Қабыл алыңыздар!
2- жүргізуші:
Елі үшін көтеріп нар жүгін де,
Сенімі нық сезілетін үнінде.
Аты озған дүниедегі дүбірде
Нұрсұлтанмен кім мақтанбас бүгінде?! Деп
сахнаға 8Б сынып оқушыларын флешмобқа шақырамыз.
1-Жүргізуші:
Сан ұлттың басын қосып
Қазақстан
Бекемдеп саясатын іш пен тыстан
Елбасы, алдын ала болжай біліп,
Сүрінбей аман өттік дағдарыстан
Жыл сайын табыс қоссын табысыңа
Әр қазақ берік болсын намысына
Нұрсұлтан Назарбаев бастай берсін,
Нұрлы жол, Нұрлы заман бағытына!
Хор. «Менің Елбасым»
1-Жүргізуші:«Осындай тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын,
қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»Туымыздың
тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты
болсын!
БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!





