«Педагогикалық әдеп қағидалары»
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебі
жанындағы кезектен тыс кеңестің
Хаттамасы
Мерзімі : 08.10.2019 ж.
Қатысқандары: педагогикалық ұжым- 119
КҮН ТӘРТІБІ:
1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» туралы. / мектеп директоры : М.Т.Султанова
2.«Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп »- семинар-тренинг.
/мектеп психологы Е.А.Тұрысқұлова
3. Преподавателидің іскерлік киім үлгісіне қойылатын талаптар туралы./ Мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Джуаспаева
Жиналысты мектеп директоры Султанова Махаббат Толегенқызы ашып, жиналысқа қатысушы педагогтарды күн тәртібі бойынша қаралатын «Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 10 ақпанда № 13038 болып тіркелген. Осы Педагогикалық әдеп қағидалары Қазақстан Республикасы Конституциясының, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының, 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының ережелеріне сәйкес әзірленді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жалпыға бірдей танылған адамгершілік қағидаттары мен нормаларына негізделген.
2. Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары
Педагогикалық әдептің негізгі қағидаттары мыналар болып табылады:
1) адалдық:
Педагог адалдығы олардың оқыту мен тәрбиелеу нәтижесіне, өз қызметіндегі түзетулерді жүзеге асыра білуіне, сынға және рефлексияға қабілетін дамытуға, оқушылардың, ата-аналардың, әріптестердің кез келген пікірі үшін ашықтығына жауапкершілігін білдіреді;
2) әділдік:
Педагог әділдігі оның бағалау кызметінің ашықтығын, олардың құрған білім беру ортасының айқындылығын білдіреді. Әділдік педагогке окушының, оның ата-анасының (заңды өкілдерінің), әріптестерінің құқығын бұзуға тыйым салады;
3) өзінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтеу:
Педагог өзінің кәсіби назарындағы объектілер болып табылатын окушының, ата-ананың, адамдардың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді, олармен қарым-қатынас жасауда өнегелі. Ол баланың дамуын шынымен қалап, оған әрқашан көмектесуге дайын екендігін білдіріп, білім алушының жетістігін (жетіспеушілігін) бағалауда әдептілік танытады.
4) жалпы адами құндылықтарды құрметтеу:
педагог жалпы адами құндылықтардың басымдылығын мойындай отырып, әрбір ұлт мәдениетін ерекшелігіне, құндылығына және қадір-қасиетіне құрметпен қарайды.
Педагог ұлтаралық қатынастар мәдениетін тәрбиелейді, білім алушыларды жасына, жынысына, тіліне, ұлтына, діни көзқарасына, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына немесе өзге де кез келген жағдайларға қарамастан барлық ұлттар мен барлық адамдардың құқығы мен қадір-қасиетін құрметтеуге үйретеді;
Педагог мектеп ұжымында сенім білдіру және құрметтеу ахуалын жасауға мүмкіндік туғызады;
5) кәсіби ынтымақтастық:
педагог мамандық мәртебесі туралы ойлайды, әріптестерінің абыройын және қадір-қасиетін құрметтейді, мұғалім беделіне нұқсан келтіретін іс-әрекеттерге жол бермейді.
Педагог, қандай да бірдұрыс емес нәрселерді жасауға, өз әріптестерінің сеніміне нұқсан келтіруге, олардың кәсіби міндеттерін атқаруына кедергі жасауға, оларға қандай да бір шығын келтіруге жол бермейді. Педагог өз әріптестерінің теориялық және әдістемелік шеберлік деңгейін арттыруға, шығармашылық қабілетін дамытуға, қиын жағдайға тап болған әріптестеріне көмек беруге жәрдем көрсетеді. Кәсіби ынтымақтастық жалғандық пен әділетсіздікті ақтауға қызмет етпейді;
6) үздіксіз кәсіби даму.
Педагог өзінің кәсіби шеберлігін, зияткерлік, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін жетілдіреді.
3.Педагогикалық әдептің негізгі нормалары
Педагог қызметкер өз қызметінде:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерді ата-аналарына, этномәдени құндылықтарға құрмет көрсетуге, қоршаған әлемге ұқыпты қарауға, жоғары адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге мүмкіндік жасайды;
2) Қазақстан Республикасы педагог қызметкерінің жоғары атағының беделін түсіруге мүмкіндік туғызатын іс-әрекеттерді жасауға жол бермейді;
3) өзінің қызметтік міндетін адал және сапалы орындайды;
4) өзінің кәсіби шеберлігін үздіксіз жетілдіреді, өз бетінше білім алу және өзін-өзі жетілдіру мен белсенді түрде айналысады;
5) еңбек тәртібін бұлжытпай сақтайды;
6) білім беру ұйымының мүлкіне ұқыпты қарайды және оны жеке мақсатта пайдаланбайды;
7) сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды, өзінің шыншыл, адал және әділ мінез-құлқымен үлгі болады;
8) қызметтік ақпараттарды пайдакүнемдік және өзге де жеке мақсаттарда пайдалануға жол бермейді;
9) өзі үлгі бола отырып, ұжымда тұрақты және жағымды моральдық-психологиялық жағдай қалыптастыруға мүмкіндік жасайды;
10) өзінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгісінде болады.
4. Білім беру процесіне қатысушылармен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жасына, жынысына, ұлтына, діни сеніміне, азаматтығына, шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайларына немесе кезкелген өзге де мән-жайларға қарамастан адамның құқығын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтейді;
2) білім беру процесіне қатысушыларға қатысты қаржылық және өзге де бопсалау фактілеріне жол бермейді, өз әріптестері тарапынан осындай іс-әрекеттерді болдырмау үшін күш салады;
3) өз іс-әрекетімен қоғам тарапынан дәлелді сындарға жол бермейді, оған сабырлылықпен қарайды, өзінің кәсіби қызметіндегі кемшіліктерді жою және оны жақсарту үшін сындарлы сынды пайдаланады;
4) білім беру процесінің қатысушыларына кәсіби қолдау көрсетеді.
5. Әріптестермен қарым-қатынас жасауда педагог қызметкер:
1) жалпы қабылданған адамгершілік-әдептілік нормаларын, сыпайылық пен биязылықты сақтайды;
2) баска педагог қызметкердің кәсіби біліктілігіне көпшілік алдында күмән келтірмейді.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша мектеп психологтары Е.А.Тұрысқұлова мен Г.М.Дихамбаева «Педагогтің кәсіби іс-әрекетіндегі педагогикалық әдеп » туралы тренинг өткізді.Мұғалім– ақыл кемістігін жоя отырып, жер бетінде бейбітшілік орнауын қамтамасыз етіп, өзін ұстай білуге үйретеді. Егер оқушы өзін нашар ұстаса, бір адамның мінезі азап, шегеді, егер мұғалім өзін нашар ұстаса, бұл көп оқушының мінезіне зиян келтіреді. Егер мұғалім өз ісіне беріліп, таза болса, онда мындаған оқушы жақсара түседі және еліміз білімді, кемел ұл-қыздарға ие болады.
Ежелден мұғалімнің рөлі барлық әлем халықтарында ұлық болған, мұғалімнің міндеттері басқарушылар мен ата-аналардың міндеттерімен қатар құрметтелген. Преподаватели кез келген қоғамда жоғары сұранысқа ие, себебі әлеуметтік ортаны қалыптастыру солардың қолында, олар өмірге жүзжылдықтан жүзжылдыққа болашақ ұрпақты даярлайды.
Адамның жан дүниесі сүйіспеншілікке ғана ашылады.
Негізінен алғанда жұмыстада нақ тұрмыстағы сияқты міңез-құлық нормалары қолданылады. Ең біріншісі сыпайылық. «Сыпайылық » деген ұғымға кіретін жолдастық сезім, достық пейіл, ілтипаттылық және ізгі ниеттілік ұжымшылдық сезімінің жарқын көрінісі болып табылады. Сыпайы қызметкер – ұжымның жақсы мүшесі. Егер біз бір-бірімізге сыпайы болсақ, біздің жанымызда жақсы ұжым болса, жұмыс та өнеді, көңіл-күйі де көтеренкі болады, қиыншылықты да жеңу оңайға түседі. Егер жұмыста кемшіліктер кездессе немесе қателіктер жіберілсе, мұны жолдастық ниетпен және әдепті түрде көрсетіңіз. Егер сізден көмек сұраса, өзіңіздің қолыңыздан келгенінің бәрін істеуге тырысыңыз. Жолдасыңызды ренжітпей, іскерлікпен және байсалды түрде түсіндіріп беріңіз.
Барлық жердегі сияқты, жұмыста да өзіңді салмақты және тыныш ұстау керек. Әріптерстеріңді мазасыздандыруы мүмкін нәрсенің бәрінен аулақ болу қажет.
Сондықтан айқайлауға, шу көтеруге, есікті қатты жабуға, ұрысуға, екіұшты және намысқа тиетін ескертпелер жасауға болмайды. Әңгіменің әуені биязы болуға тиіс.
Жұмыста әр алуан түсініспеушіліктер болуы мүмкін. Егер біреу өзіне қиянат жасалды деп санайтын болса, кикілжінді ашықтан-ашық және асықпай анықтап алу керек. Ашу шақыру және өзін-өзі ұстай алмау ешқашанда қалаған нәтижеге жеткізбейді, оның үстіне мұндай міңез-құлық сабырсыздық көрсеткен адамның өзіне да жаман әсер етеді.
Әдептілік – ұлт психологиясының өзегі, адамгершіліктін бірегейі, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан қоғамдық санасының практикалық көрінісі, барлық кісілік қасиеттердің жиынтығы. Әдеп сақтау - әлеуметтік дәстүр. Содықтан бала тәрбиелеу үрдісінде, ең алдымен мұғалім әдепті, тәртіпті, мәдениетті болуы тиіс.
Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді дегендей әдеп, адамшылық – амандасудан басталады.
Әрине осынын барлығы ұжымдағы қарым-қатынасқа да әсерін тигізеді.
Білім сапасын арттырудың тиімділігіне қарым-қатынастын ықпалы зор. Мектеп жүйесінде қарым-қатынас үрдісінің негізгі нысанасы оқушы болып табылады. Сондықтан мұғалім өзіңін нашар көңіл-күйін оқушыларға аудармау керек. Осыдан барлық түсініспеушілік туындайды. Нәтижесінде оқушы мұғалімге, мұғалім оқушыға өкпелейді және кикілжін басталады. Бұнын барлығы білім сапасын арттыруға кедергі жасайды.
Қорытындылай келе, мұғалім қазіргі қоғам талаптарын ескеріп, өзінің алдына педагогикалық міндеттерді қоя және шеше білетін, оқыту мен тәрбиенің озық тәжірибені меңгерген, білім беру процесін басқара алатын, тәжірибеде педагогикалық ситуацияларды оқушы тұлғасының дамуына бағыттап жобалай және жүзеге асыра алатын бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға болуы қажет.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Д. Джуаспаева Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығының 3 тармағының 10 тармақшасына сәйкес мұғалімдер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгіде болуы туралы талаптар, осыған байланысты мектеп ережесінің талаптарымен таныстырып, арнайы, ыңғайлы түс пен классикалық үлгідегі киімді алдағы уақытта кию қажет екенін ескертті.
Бүгінгі жиналысқа ұсынылған мәселелер толық қаралды.
ШЕШІМІ:
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9 бұйрығымен бекітілген «Педагогикалық әдеп қағидалары» нормаларының орындалуы басты назарға алынсын.
2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 қаңтардағы № 9«Педагогикалық әдеп қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының 3 тармағының 10 тармақшасына сәйкес мұғалімдер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгіде болуы туралы талаптар жөнінде жұмыстар жүргізілсін.
3. 2019-2020 оқу жылы мұғалімдер өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезеңінде іскерлік киім үлгіде болуы қадағалансын.