01
сентябрь
2022
1 қыркүйек -Білім күні!
Шу ауданы Төле би атындағы орта мектебінде 2022-2023 оқу жылының. 1 қыркүйек - Білім күніне арналған «Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Салтанатты жиынға ардагер ұлағатты ұстаздар, бірінші сыныптың ата-аналары қатысып, мерекемен құттықтап өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Биылғы оқу жылын 1306 оқушымен бастағалы отырмыз. 1 сыныпқа 125 оқушы қабылданды. Мектеп екі ауысымда оқиды. Оқушылар оқулықтармен толық қамтылды. Барша білім алушыларды, ұстаздарды Білім күні мерекесімен құттықтаймыз. Жетістіктерге толы жыл болғай!
[media=]