Жас мамандармен жұмыс » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
18
февраль
2021

Жас мамандармен жұмыс

Жас мамандармен жүргізілген жұмыс туралы    
Жас маманның мамандығына кəсіби бейімделуі барысында олардың белсенділігін, мақсатты əрекетін, жоғары мектептің оқу-тəрбие процесінің «енуінің» шығармашылық сипатына мектеп директорының ғылыми-әдістемелік орынбасары, әдістемелік бірлестік және маманның тағайындалған тәлімгері жол сілтейді. Осылардың нəтижесінде олар өздерін танытуға, еңбек процесінде өз орнын табуға қажетті біліммен сусындайды, пəнге деген қызығушылығы артады, таңдаған кəсібіне оң пікірі, дағдылары мен білігі, ақыл-ой қызметін тиімді ұйымдастыру қабілеті мен кəсіби іскерлік қасиеттерді дамытуы, өзін-өзі тəрбиелеуі жəне кəсіби өз бетімен білім алу жұмысының жүйесі қалыптасады.       
    Мектепте әдістемелік жүмысты ұйымдастыруда еңбек жолын жаңа бастаған, іс-тәжрибесі аз педагогтарды қолдау мақсатында бағытталған қызмет ерекше маңыздылық атқарады. 2020-2021 оқу  жылында жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін ашу және кәсіби деңгейін көтеру мақсатында  жас мамандар мен озық тәжірибелі мұғалімдердің   байланысын  бекітіп, жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету үшін   тәлімгер бекітілді. Биылғы оқу жылында 2 жас маман жұмысқа қабылданды. Қазақ тілі пәнінен - 1 мұғалім, тарих пәнінен   -1мұғалім, 
Барлығы 10 жас маман.Оның  ішінде 5 мұғалім  күндізгі, 5 мұғалім сырттай  бөлімін   бітірген. Қыркүйек  айында   тәлімгерлердің   жоспарлары  бекітілді.
Жас мамандарға мектеп  әкімшілігі, тәлімгерлер  тарапынан күнделікті сабақ жоспарының мақсатты жасалуына бағыт беріліп, оқу үрдісін қалыптастыру мәселелері бойынша әдістемелік көмек көрсетілді. Кәсіби деңгейлерін анықтау жұмыстары жүргізіліп, жас маманның күнтізбелік жоспарын жасауына әдістемелік көмек берілді, жас маманның сынып жетекшілік жұмысын орындауына, оқушылардың жеке іс-құжаттары мен мектеп құжаттарын дұрыс толтыруына  үйретті. 
Жас мамандарды педагогикалық жаңашылдыққа үйрету оларға әдістемелік  көмек көрсету арқылы ,педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін дамыту  мақсатында директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары  К.Б.Ажибекова   мен ІІІ деңгей бағдарламасын аяқтаған ,бастауыш сынып мұғалімі Г.М.Жолдыбекованың  ұйымдастыруымен «Сыныптағы барлық оқушылар  үшін оқу үрдісін қалай жақсартуға болады тақырыбында коучинг өтті.Коучинг барысында мұғалімде,оқушылардың дамуы мен қалыптасуына жағдай жасау үшін , кәсіби құзыреттілігін арттыру қажет екенін түсінді . 
Жас мамандарға кәсіптік   бағдар беру  және әдістемелік  көмек көрсету арқылы ,шығармашылыққа баулу мақсатында  «Жаңа әдістердің тиімділігі ә  тақырыбында директордың әдәстемелік ісі-жөніндегі орынбасары  К.Б.Ажибекова мен І деңгей бағдарламасын аяқтаған  қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Б.Арғынбаеванң ұйымдастыруымен коучинг өтті .Коучинг барысында жас мамандар  замануи білім берудің әдіс-тәсілдері туралы мәліметтер алып , тсінік қалыптасты .Жас мамандар көңіл күйіне ,сабақтағы іс-әрекетке ,өз-өзіне рефлексия жасауғаүйренді. 
Оқу  жылы 
Мұғалім саны 
Пайыздық үлесі 
2018-2019 
2,6% 
2019-2020 
2,7% 
2020-2021 
2
1,5% 
«Педагогикалық қоғамдастықтағы   мұғалім көшбасшылығы» (І) деңгейлік бағдарламасы бойынша химия пәнінің  мұғалімі С.И.Самсонов     «Оқытуда заманауи техналогияларды қолдану ерекшеліктері»   тақырыбында   коучинг  өткізді.   
                    Коучинг  барысында  оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып, заманауи техналогиялардың тиімді әдіс-тәсілдерін пайдалану түрлеріне баса назар аударады. Заманауи технологияларды тиімді пайдалана отырып, оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру жолдарын жетілдіруге  бағытталған  жаңа   әдіс-тәсіл  түрлерімен  таныстырды.
Білім беру мазмұнын жаңартуда педагог мамандардың кәсіби қалыптасуын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызу жөнінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында : «Білім сапасын бағалау жүйесі халықаралық стандарттарға негізделуі тиіс, орта білім беретін мектептердің өзінде балаларды  мейлінше сұранысқа ие мамндықтарға бейімдеп, кәсіби диагностика жүргізу маңызды. Осы білім алудың қол жетімділігін арттыру мақсатында жоғары сапалы  біллім беруді қамтамасыз ететіндері ғана қалуға тиіс», - деген болатын. Осы мақсатта “Төле би атындағы орта мектебі” КММ айқындалған мақсат пен міндеттерді орындай отырып, «Жаңартылған білім беру мазмұнын енгізі арқылы функционалды сауатты тұлғаны қалыптастыру жүйесін құру» тақырыбында жүйелі жұмыс атқаруда. 
         Мектеп келешек ел басқаратын, жерін елі мен халқының  мерейін  өсіріп, мәртебесін биіктететін жасампаз жандарды тәрбиелейтін киелі де, қасиетті ұя. Ал сол мектептің негізгі тірегі - білімді де білікті ұстаз. Қазіргі заман талабына сай әр баланың қабілетіне қарай дарындылығын дамыту, білім бәйгесінде, дүбірлі жастардан жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шәкірт шығару - осы ұстаздардың ерен еңбегінің жемісі. Осы орайда «Төле би орта мектебінде » КММ  дәл осындай қабілет пен қастерді бойына сіңіре білген 125 – ке тарта ұстаз еңбек етеді.