сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстары туралы
Елімізде жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыстықпен күресті күшейту шараларына орай «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» , «Мемлекеттік қызмет туралы» арнайы заңдар қабылданған.
Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда.
Мектепте оқушылар мен олардың ата-аналарынан, педагогтардан заңсыз ақша жинау және сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында 2019 жылдың 29 тамыз №1 педагогикалық кеңесінің шешіміне сәйкес, мектепте «Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу туралы» 02.09.2019 жылғы №74 бұйрығы шыққан. Бұйрықта мектеп ішінде ата-аналардан, педагогтардан және оқушылардан ақша жинауға, мектептің ағымдағы жөндеу жұмыстарына, іс-қағаздарына заңсыз ақша жинауға қатаң тыйым салынатыны туралы айтылған.