15
октябрь
2020
сыбайлас жемқорлықтың алдын алу
Төле би атындағы шағын орталықты орта мектебінде Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша "Жамбыл-адалдық алаңы" жобалық офисінің бастамасымен Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің ұйымдастыруымен қоғамда парасаттылық құндылықтарын кеңінен насихаттау және өңірдегі үлгілі, үздік отбасыларды анықтау мақсатында "Парасатты отбасы" байқауы өткізілді.
Байқаудың мектепішілік кезеңіне 18 отбасы қатысып, олардың ішінен 8 отбасының бейнероликтері іріктеліп, аудандық кезеңге жіберілді.
Аудандық кезеңде 195 отбасы бақтарын сынады. Нәтижесінде үздік 30 отбасының жұмыстары марапатталды.
Біздің мектебімізден аудандық кезеңнен орын алған Тагировтар отбасы "Ең салауатты отбасы" жəне Ербол отбасы "Шеберлер отбасы" номинацияларымен марапатталып, облыстық кезеңге жолдама алды.