29
ноябрь
2021
"Адал ұрпақ"
Төле би атындағы орта мектебінде 2021 жылдың қараша айында клуб жетекшісі Шәрәпи М. мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім секциясының жетекшісі Дүйсембай Ф. «Мектептегі бопсалау» тақырыбында оқушылардан сауалнама алды.
Мақсаты:
-Школьникам бопсалау туралы мағлұмат беру, адамның ең жаман қасиеті екенін айту.
-Адамның ең басты құндылығы оның бостандығы, олай болса оқушыларға адамзаттық құқықтарымен бас бостандықтарын қорғауы туралы үйрету.
-Жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстап, ондай әрекеттерге бармауға тәрбиелеу, адамгершілігі мол саналы азамат болып өсуіне ықпал жасау.
Қатыгездіктің құрбаны болып жүрген оқушылардың бар-жоғын анықтау мақсатында сауалнама өтті. Сауалнамаға 5-9 сынып оқушылары қатысты. Сауалнама 26 (жиырма алты) сұрақтан тұрды.
Клуб жетекшісі М.А.Шәрәпи: Бұл сауалнама жасырын түрде, балалардың құқығын қорғаудағы проблемаларды анықтап және осы мәселе бойынша балалардың көзқарасын білу үшін жүргізілді.



