"Адал ұрпақ" » Дінмұхамед Қонаев атындағы шағын орталықты орта мектебі
Жамбыл облысы Шу ауданы
"Дінмұхамед Қонаев атындағы орта мектеп "
отдела образования Кербулакского района
Приемная
+7(72) 43-50-93
Бухгалтерия
+7(72) 23-11-37
Версия для
слабовидящих
17
ноябрь
2021

"Адал ұрпақ"

Төле би атындағы орта мектебі «Адал ұрпақ» еріктілер мектеп клубының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары  
 Баймағамбет Назира - Информация және шығармашылық секциясының жетекшісі: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты Төле би атындағы орта мектебінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. 
Ұсыныс: Жас ұрпақтың  бойына жемқорлыққа қарсы  құқықтық тәрбие мен білім беруге ерекше басымдық берілсе.
Жемқорлықтың саны артып келеді,
Қайғы –мұң ғой ,қасіретті береді.
Залалы көп бұл заманда қатыгез.
Жаулап алу әсте жылдам жүреді.
Пара беру,пара алу, жайлаған,
Осы бір іс, буы шықпай қайнаған.
Қалай бұны тоқтатамыз, әттең-ай,
Сенгеніміз ел тағдырымен ойнаған.
Жемқорлықпен ел көркейеді десек біз,
Жемқорлықпен арам асты жесек біз.
Ойланбасақ бұл туралы егерде,
Құр санасыз, мақрұм қалған есекпіз!
Мұның арты әкеледі тозаққа,
Жебірлердің көрсеткені аз-ақ па?
Рас емес пе соңында бұхара халық
Қасірет көріп, салынатын азапқа.
Маңызы бар мәселеге айналды,
«Қарсы күрес» заңнамасы байланды.
Төрдегілер әшкере боп ісімен,
Бірі түсіп, бірі қайта сайланды.
Бұл жағдайды үкімет те қолға алды,
Халықпенен бірге ойланып, толғанды,
Тіпті міне, елге үлгі болар деп,
Мақалада елбасының жолданды.
Түйткілді мәселені алға қойды,
Өткізіліп шаралар, салған ойды,
Школыде, ұжымдарда қаралып,
Қарсы күрес,үйретіп тұла бойды.
Әрекет қылмақ,қолға алмақ бала кезден,
Тәрбиелеп осы бастан дана сөзбен.
Сіңіріп бойына құнды қасиетті,
Салғырт қарап, ғайып болмай кенет көзден.
Жұмылдырып күшімізді бір жерге,
Қарсы күрес жүргізейік жер-жерде,
Қарқынды дамып, болашақта мемлекет.
Теңесеміз алдыңғы қатар елдерге!
Авторы:Алдахов Қадіржан

Похожие публикации:

14 сентябрь 2021 "Адал ұрпақ"
21 декабрь 2021 "Адал ұрпақ"
09 декабрь 2021 "Адал ұрпақ"
09 декабрь 2021 "Адал ұрпақ"